МахшарХашр етілетін, жиналатын жер. Қиямет күні бүкіл махлұқтардың (барлық жандылардың) қайта тірілген соң есеп тапсыру үшін жиналатын жері. Арасат алаңы, мәуқиф деп те айтылады. «Аллаһу та’ала хажәр-ул-әсуадты қияметте махшар алаңына келтіреді. Оның көретін екі көзі, сөйлейтін тілі болады және өзіне қол созып, сүйгендерге ақиқатымен куәлік етеді.» (Хадис шәриф – Фәтһ-ул-Бари) Қиямет күні барлық жандылар махшар алаңына жиналады. Әркімнің амал дәптері ұшып иелеріне келеді. Бұларды көктер мен жерлерді, жұлдыздарды, зерелерді (молекулаларды), бүкіл әлемді жаратқан, шексіз құдірет иесі болған Аллаһу та’ала жасайды. Бұлардың болатынын Аллаһу та’аланың Расулы “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” хабар берген. Оның айтқандары сөзсіз дұрыс. Әлбетте барлығы болады. (Мәулана Халид Бағдади) Махшар күні еңсеңнің түспеуін қаласаң Аллаһу та’алаға шүкір етуден бетбұрма. (Сади Ширази) Махшарда иманы болып, амалы және мінез-құлқы жақсы болған адамдарға сый-сияпаттар беріледі. Жаман мінезді, бұзық амалдар жасаған адамдарға ауыр азаптар беріледі. (Мәулана Халид Бағдади) |