ҚадарийаХижри жыл санағы бойынша екінші ғасырда Уәсил бин Ата тарапынан құрылған топ. «Құл өз әрекеттерін өзі жаратады» деп, тағдырды, амалдардың Аллаһу та'аланың қалауымен болатындығын теріске шығарған адасқан ағым. Бұл ағымды Мутазила деп те атайды. «Қадарийа сенімінде болғандар бұл үмметтің мәжусилері (отқа табынатындары)». (Хадис шәриф – Әбу Йала) «Қадарийа сенімінде болғандарға сәлем бермеңдер! Ауруларының көңілін сұрап бармаңдар! Жаназасына қатыспаңдар, сөздерін тыңдамаңдар және оларға қатаң жауап беріңдер! Оларды масқара етіңдер!» (Хадис шәриф – Шир’ат ул-Ислам) Қадарийа ағымының айтқанындай адам қалағанын өзі жаратады деп ойлау, «Барлық нәрсені жарататын Аллаһу та’ала» деген аяти кәримаға сенбеушілік болады. (М. Халид Бағдади) Табеиннің (Пайғамбарымыздың асхабын көргендердің) ұлыларынан болған Хасан Басридің (рахметуллаһи алейһ) шәкірті болған Уәсил бин Ата, ұстазының дәрістерінен айрылып, қате пікірлерін жариялай бастады. Оның пікірлерін ұстанған Қадарийа ағымының мүшелері, адамның амалдарына ешбір әсері болмағандығын және тағдырға қарсы, жел алдындағы жапыраққа ұқсайтындығын айтып жүрген Жәбрийа ағымына қарсы шығып, адамның өз әрекеттерін басқаратындығын және жарататындығын жариялады. Адам, тағдырына мутлақ (толығымен) әсерлі екендігін қабыл еткендері үшін Қадарийа атын алды. Кейінгі ғасырларда да әртүрлі аттармен жолдарын жалғастырды. (Шәхристани) |