МушаббихаАллаһу та'аланы денеге (затқа) және жаратылыстарға ұқсататын, Құран кәрімдегі мутәшабих (астарлы мағыналы) аяттарын тікелей мағынасы бойынша ашықтап, Аллаһу та'аланың қолы және жүзі сияқты мүшелерінің бар екендігін айтатын адасқан ағым. Мушаббиха адасқан жолын ең алғаш жариялаған түбі яһуди болған Абдуллаһ бин Сәбә атты азғын. Хижри жыл санағы бойынша бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Хишам бин Сәлим әл-Жәуалики және Хишам бин Хакем сияқты адамдар да мушаббиха ағымының өкілдері болған. Мушаббихалардың адасқан пікірлері мынадай: «Құдайдың тәні, денесі бар, соңы және шегі бар. Ұзақтық, кеңдік және тереңдік иесі. Ол жарық сәуле. Жан-жағына сәуле шашатын жұмыр інжу маржандай жарқыраған таза алтын сияқты. Түсі, дәмі, иісі бар. Құдай кейде қимылдайды, кейде әрекетсіз тұрады. Ол өзінің қарысымен жеті қарыс.» (Абдулқаһир Бағдади) Мушаббиха негізде екіге бөлінеді. Біріншісі, Аллаһу та'аланың затын адамға ұқсататындар. Ал екіншісі Аллаһу та'аланың сипаттарын адамдар мен басқа да жаратылыстардың сипаттарына ұқсататындар. (Шәхристани) Өздерін сәләфи деп атайтын және өз мемлекеттеріндегі әһли сүннет (Пайғамбарымыздың және Асхабының жолында болған) дін адамдарын әр мүмкіндікте жамандайтын адамдар, бүгін мушаббиха мен мужәссиманың пікірлерін меңгеріп, жаюға тырысуда. Оларға Хашауи деген ат та берілген, Аллаһу та'аланы жаратылыстарына ұқсататын, дене мен тән деген кәпірлердің басым бөлігі мушәббиха мен мужәссима ағымдары. (Әбу Зухра, Ибн Жәузи) |