Ахлақ (мінез-құлық)
Адамның бойындағы мінез-құлық. Хулқ (құлық) сөзінің көпше түрі. «Жақсы мінездерді толықтыру, жақсы ахлақты дүние жүзіне жаю үшін жіберілдім.» (Хадис шәриф - Жамиус-сағир, Кунуз-уд-дәқаиқ) «Адамдарды разы етуге мал-мүліктерің жетпейді. Тек қана жылы жүз және жақсы мінезбен оларды разы ете аласыңдар.» (Хадис шәриф - Сунәни Әбу Дауд) «Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін амалы – жақсы мінез.» (Хадис шәриф - Ахлақи Жәлали) «Аллаһу та’аланың ең жақсы көретін құлы – мінезі ең жақсы болғаны.» (Хадис шәриф - Әдәбул-муфрәд) Ислам ғұламаларының көбінің айтуы бойынша адамдар жақсылыққа, жоғарылауға бейімді болып дүниеге келеді. Кейін нәпістің жаман қалаулары және жақсы мінезді үйренбеу, жаман адамдармен дос болу жаман мінездерді ортаға шығарады. (Әли бин Әмруллаһ) |