20 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     21 - Желтоқсан, 2024 жыл.   


Сауап

Жақсылық және ғибадат жасаған адамға ахиретте Аллаһу та’ала тарапынан берілетін сый.

«Менің серігім жоқ, маған серік, ортақ қосқан адам сауаптарын содан сұрасын...» (Хадис қудси – Мәктубати Масумийә)

«Үмметімнің арасында фитна және азғындық жайылған кезде сүннетімді ұстанғандарға жүз шәhид сауабы беріледі.» (Хадис шәриф – Табарани)

Аллаһу та’ала дүниеде жақсылық жасап, ғибадат еткендерге сауап беретінін уәде еткен. Жақсылық және ғибадат жасағандарға ахиретте сауап берілуі уәжіп және қажет емес. Аллаһу та’ала мейірім етіп оларға сауап беретінін уәде еткен. Аллаһу та’ала берген уәдесінен қайтпайды, міндетті түрде орындайды. (Мұхаммед Хадими)

Салих амалдардың сауабын бүкіл мүминдердің рухына хадия ету (бағыштау) жақсы және қабыл болады. Әрбіріне бөлек бөлек сауап жетіп барады. Бір мәйіттің рухына бағыштау үшін ниет етіліп оқылған және хадия етілген сауап еш азаймайды. (Мұхаммед Масум Фаруқи)