ФидйаБір нәрсенің орнына берілетін, құн, бедел, өтемақы деген мағынаны білдіреді. 1) Қатты қартайып, ауру болған адамның тұта алмаған оразасы, өлім ауруына шалдыққан адамның оқи алмаған намазы, қайтыс болған адамның намаз және ораза қазалары үшін және қажылықта ихрам киген кісінің ауру себебінен ихрамның кейбір тыйымдарын істегені үшін берілуі керек болған бедел, құн. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Сендерге парыз етілген ораза, санаулы-ақ күндер. Ол күндерде сендерден кімде-кім ауру немесе сапарда болып ораза тұта алмаса, жазылғанда немесе муқим болғанда тұта алмаған күндерінің мөлшеріндей ораза тұтады. Өте кәрі және тұрақты ауру болу сияқты себептермен ораза тұтуға күші жетпегендер бір кедейді тойдыратындай мөлшерде фидйа берулері керек. Сонымен қатар кімде-кім фидйаны көп берсе немесе әрі ораза тұтып, әрі фидйа берсе ол үшін өте қайырлы болады. Сендерге сапарда оразаны бұзу және кәрілікте фидйа беру жеңілдігі берілгенімен, сонда да ораза тұтатын болсаңдар өздерің үшін өте қайырлы болады, егер оразаның құндылығын білсеңдер.» (Бақара сүресі 184) Бір адамды намаз және ораза қазаларынан құтқару үшін жасалатын амал исқат деп аталады. Әр күндік ораза және әр уақыт намаз үшін берілетін фидйа – бір фытра (пітір). Қажылықта ихрам киген адамның тыйым салынған нәрселерді істеу себебінен берілуі керек болған фидйа не ораза, не садақа немесе нүсүк (қажылықта немесе умрада орындалуы қажет болған істер) болып табылады. Оразаның фидйасы үш күн ораза ұстау, садақаның фидйасы алты кедейге бір-бірден пітір (1750г бидай) беру, ал нүсүктің фидйасы құрбандық шалу. (Ибн Абидин) Қатты қартайып өмірінің соңына дейін рамазан оразасын немесе қаза оразаларын тұта алмайтын кәрі және жазылуынан үміті қалмаған ауру адам ораза тұтпайды. Егер бай болса әрбір күні үшін бір фытра (пітір) яғни 520 дирхам (1750 грам бидай) немесе ұн немесе соның құнындай алтын немесе күміс ақша бір немесе бірнеше кедейге фидйа ретінде береді. Рамазанның басында немесе соңында барлығын бір кедейге берсе де болады. Фидйа бергеннен кейін ауруынан жазылса Рамазан және қаза оразаларын тұтуы керек. Фидйа бермей өлетін болса, исқат жасалуы үшін өсиет етуі қажет. Кедей болса фидйа беруі қажет емес, бірақ дұға етуі керек. (Ибн Абидин) Намаз және ораза қазалары үшін өсиет еткен мәйіттің уәсиі (мәйіттің өсиетін орындауға жауапты адам) уәсиі жоқ болса мұрагері, мирастың үштен бір бөлігін әр уақыт намазбен үтір намазы үшін және қаза болған бір күндік ораза үшін бір-бір пітірден (1750 грам бидай) кедейлерге немесе олардың уәкілдеріне фидйа ретінде садақа беруі керек. (Тахтауи) 2) Бір адамды соғыста тұтқұндықтан шығарып алу үшін берілетін құн (ақша, мал-мүлік). Ханафи мазһабында тұтқындар берілген фидйа үшін босатып жіберілмейді. Бірақ имам Мұхаммедтің қаулысы бойынша мұсылмандар ақшаға, мал-мүлікке мұқтаж болса фидйа үшін жіберуге болады. (Ибн Хумам) |