Мазһабта мүжтәһидМазһаб имамының қойған усул (әдіс) және қағидаларына ұйып, діни дәлелдерден (қайнар көзден) жаңа үкімдер шығара алатын ислам ғұламасы. Оған мүжтәһиди муқайәд және мүжтәһиди мунтәсиб деп те айтылады. Имам Мұхаммед Шайбани фиқһ ғалымдарының екінші қатарынан болып, мазһабта мүжтәһид болып табылады. Ханафи мазһабына қатысты жүздеген кітаптар жазып, нақл еткен және таратқан. Көркем мінезі және үстемдік қасиеттерімен мәшһүр болған. (Ибн Абидин) |