29 - Жамазиәл-ахир, 1446 жыл.
     30 - Желтоқсан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Терминдер

Әріп бойынша іздеу

А Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э

Хадиси мүснәди муттасил

Пайғамбарымызға дейінгі рауилерінен (нақыл етушілерінен, жеткізушілерінен) ешбірі нұқсан болмаған хадис шәрифтер.

Терминге сілтеме


Хадиси мустәфиз (мустәфид)

Жеткізушілері үштен көп болған хадис шәрифтер. 

Терминге сілтеме


Хадиси мутәшабих

Тәуил етілуі (мағынасының ашылуы, түсініктеме берілуі) қажетті хадис шәрифтер. 

Терминге сілтеме


Хадиси мутәуатир

"Бірнеше сахабаның пайғамбарымыздан және басқа бірнеше адамның да бұлардан естіген және кітаптарына жазылғанға дейін осындай тағы бірнеше адам хабар берген хадис шәрифтер. Мутәуатир хадистерді риуаят етушілердің өтірік нәрсеге ауызбірлікке барулары мүмкін емес. Хадиси мутәуатирге міндетті түрде сену және білдірілгендерін орындау қажет. Сенбеген адам кәпір болады, иманы кетеді.". (Ибн Абидин)

Терминге сілтеме


Хадиси насих

Расулуллаһ саллаллаһу алейһи уә сәлләмнің соңғы уақыттарда айтып, бұрынғы айтылған үкімдерді өзгерткен хадис шәрифтері. 

Терминге сілтеме


Хадиси сахих

Әділ және хадис ілімдерін білетін адамдардан естілген мүснәди муттасил (расулуллаһ алейһиссаламға дейінгі риуаятшылары толық болып, кем болмаған), мутәуатир (бірнеше сахаба риуаят еткен) және мәшһүр (әуелде бір адам білдіргенімен кейіннен танымал болған) хадистер. 

Терминге сілтеме


Хадиси шаз

Бір адамның бір хадис ғалымынан естідім деген хадис шәрифтері.

Хадиси шаздар қабыл етіледі, бірақ құжат (дәлел) бола алмайды. Ғалым деген адамы мәшһүр ғалым болмаса қабыл етілмейді. 

Терминге сілтеме


Хадиси заиф

Сахих және хасен болмаған хадис шәрифтер.

Заиф хадисті білдіргендерден бірінің есте сақтау қабілеті, әділеті әлсіздеу болады немесе ақидасында шүбһә болады. Заиф хадистерге сүйеніп көп ғибадаттар жасауға болады, бірақ ижтиһадта бұларға сүйенілмейді. 

Терминге сілтеме


Хадис имамы

Үш жүзмыңнан көп хадис шәрифті рауилерімен (риуаятшылары, жеткізушілерімен) бірге білетін мәртебесі үлкен ғалымдар. Бұларға хадис мүжтәһиді деп те айтылады.

Хадис имамдарының ең ұлыларынан болған Имам Бұхари риуаят еткен хадис шәрифте былай делінеді:

«Мұсылман – мұсылманның (дін) бауыры. Мұсылман бауырына зұлымдық етпейді және оны дұшпаннның қолына бермейді (оған қамқор болады). Кімде кім мұсылман бауырына көмектессе және оның қажеттілігін қамтамасыз етсе, Аллаһ та оған көмектеседі. Кімде кім бір мұсылманның қиыншылықтарынан біреуін кетірсе, Хақ та’ала бұған сияпат ретінде одан қтямет қиыншылықтарынан біреуін кетіреді. Кімде кім бір мұсылманның айыбын (кемшілігін) жасыратын болса, Аллаһу та’ала ахиретте оның (кемшілік) және айыптарын перделейді.»

Хадис ғалымдарынан Имам Маликтің риуаят еткен бір хадис шәриф:

«Қандайда бір мұсылманның басына мазасыздық, ауру, уайым, қиыншылық, қайғы-қасірет, аяғына кірген тікенге дейін, не келсе де Аллаһу та’ала бұларды ол мұсылманның қателерінің кешірілуіне кәффарат (себеп) етеді.»

Терминге сілтеме


Хафаза періштелері

Қорғаушы періштелер. Әр адамның жақсы және жаман істерін жазатын, екеуі түнде, екеуі күндіз келетін және жамандықтар мен жындардан қорғайтын періштелер. Бұларға Кираман катибин періштелері дегендер болғанындай, бұлардан басқа періштелер дегендер де болған. (Кираман катибин бөлімін қараңыз)

Терминге сілтеме


Хабиб

Сүйікті деген мағынадағы Мұхаммед алейһиссаламға айтылатын сөз.

«Мақтану үшін айтып тұрғам жоқ. Аллаһу та’аланың хабибімін, пайғамбарлардың көшбасшысымын.» (Хадис шәриф – Сунени Тирмизи)

"Мұхаммед алейһиссалам Аллаһу та’аланың расулы, хабибі. Пайғамбарлардың ең үстемі және соңғысы. Адам алейһиссалам жаннатта кезінде жаннаттың барлық жерінде және Аршта “Ла илаһә иллаллаһ Мухаммәдун расулаллаһ” деп жазылғанын көрді. (Абдулхақ Дәхләуи)

Терминге сілтеме


Хабибуллаһ

Аллаһу та’аланың сүйіктісі деген мағынадағы Мұхаммед алейһиссаламға айтылатын сөз.

Аллаһу та’аланы жақсы көретін адам Хабибуллаһты да жақсы көреді. Хабибуллаһты жақсы көрген адам оған көп салауат айтады, сүннетімен амал етеді. (Исмаил Факируллаһ)

Терминге сілтеме


Хабир (Әл-Хабир)

Аллаһу та’аланың әсма-и хуснасынан (көркем есімдерінен). Барлық нәрсенің ақиқатын, ғаламның, болмыстардың, көрінетін және көрінбейтін барлық нәрсені толығымен білетін, ешбір зеренің әрекеті және әрекетсіздігі ілімінен тыс қалмайтын, нәпістердің немен бақытты немен бақытсыз болатындығын, тыныштыққа қауышқандығынан әрқашан хабардар болушы деген мағыналарды қатиды.

Құран кәрімде былай делінеді: «Аллаһу та’аланың құзырында ең үстемдерің, Одан ең көп қорққандарың. Аллаһу та’ала Алим (барлық нәрсені білуші) жәнеХабир.» (Хужурат сүресі 13)

Терминге сілтеме


Хадж (Қажылық)

Исламның бесінші шарты. Шарттары бойында табылған (балиғат жасына толған, еркін, бай, ақыл-есі дұрыс) әрбір мұсылманның өмірінде бір рет ихрамды (тігіссіз) киіммен Меккеге барып, Қағбаны зиярат етуі және Арафат деп аталатын жерде бір мерзім тұруы және кейбір міндеттерін атқаруы.

Аллаһу та’ала аяти кәримада былай дейді:

«Азық-түлік және көлік тұрғысынан жолына күші жететін әрбір адамның ол Бәйтке (Қағбаға) қажылық етуі, адамдардың мойнына Аллаһу та’аланың ақысы, парыз болып табылады.» (Али Имран сүресі 97)

«Қажылық етіп, мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады.» (Хадис шәриф – Дара Құтни)

«Аллаһым! Қажылық еткен адамды және оның кешірілуін тілеген адамын кешіре гөр!» (Хадис шәриф – Лубабул-Ихйа)

«Әйел адам жанында бір махремі болмастан қажылыққа бара алмайды.» (Хадис шәриф – Қунузул-Хақаиқ)

"Сауда-саттық жасау және қажылық міндетін орындау үшін барған адамның, қажылыққа деген ниеті көп болса сауап алады. Саудаға деген ниеті көп болса немесе екеуі тең болса қажылық сауабын ала алмайды." (Алауддин Хаскефи)

"Құлдың қажылығының қабыл болғандығының белгісі, қажылықтан пайғамбарымыздың ахлақымен мінезделіп қайтуы, күнәға мүлдем жоламауы, өзін ешкімнен артық көрмеуі, өлгенге дейін дүниеге мән бермеуі. Ал қажылықтың қабыл болмағандығының белгісі болса, қажылықтан қайтқанында халі бұрынғы қалпында қалуы." (Әли Хаууас) 

Терминге сілтеме


Харамейн қажылық

Қажылық парыздарын орындағаннан кейін Мәдинаға келіп пайғамбарымыздың қабірін де зиярат еткен қажы.

Терминге сілтеме


Хаж сүресі

Құран кәрімнің жиырма екінші сүресі.

Хаж сүресі Мәдинада түсті. Жетпіс сегіз аяти кәримадан тұрады. Сүреде қажылық ғибадаты ең алдымен Ибраһим алейһиссалам тарапынан жасалғандығы және пайғамбарымыз тарапынан жалғастырылғандығы туралы айтылғандықтан сүре қажылық деген мағынада Хаж сүресі деп аталған. Хаж сүресінде иман, тәуһид, Аллаһу та’аланың бір екендігі, қияметтің белгілері мен сұмдығы, өлгеннен кейін қайта тірілу, Аллаһ жолында жиһад, қажылық және құрбандық туралы баяналған.

Аллаһу та’ала Хаж сүресінде былай дейді:

«Ол күннің (қиямет күнінің) зілзаласы өте үлкен нәрсе. Ол күні әйелдер емізулі балаларын ұмытады. Екі қабаттар балаларын түсіреді. Адамдар мас деп саналады. Олар мас емес. Бірақ Аллаһу та’аланың азабы өте ауыр.» (1, 2-ші аяттар)  

«Кімде кім Хаж сүресін оқыса, қажылық еткеннің қажылық сауабы, умра жасағаннның умра сауабы, келген және келетін қажылық пен умра жасайтындардың сауабындай сауап беріледі.» (Хадис шәриф – Қады Бәйдауи тәфсирі)

Терминге сілтеме


Хаджы (Қажы)

Қажылыққа барған адам. (қажылық бөлімін қараңыз)

"Ханафи мазһабында тек Арафат алаңында және муздалифада қажылардың екі намазды жәм етулері, бірлестірулері керек." (Абдуллаһ Мусули)

Терминге сілтеме