28 - Рабиул-ахир, 1446 жыл.
     31 - Қазан, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ешбір ислам ғалымы шапағатты жоққа шығармаған

Ешбір ислам ғалымы шапағатты жоққа шығармаған

Асри саадаттан (пайғамбарымыздың және сахабалардың дәуірінен) осы күнге дейін мыңдаған әһли сүннет ғалымы келді. Төрт хақ мазһабтың бірін ұстанатын ешбір ислам ғалымы шапағатты жоққа шығармаған. Бірақ жаңадан тараған кейбір мазһабсыздар шапағатты жоққа шығаруда. Имам Ағзам хазрет, төрт хақ мазһабтың имамдары және әһли сүннет ғалымдардан шапағатты жоққа шығарған бірде-бір адам жоқ. Болуы да мүмкін емес. Бүкіл муфәссирлер (тәфсиршілер), мухаддистер (хадис ғалымдары) және фақиһтар (фиқһ ғалымдары) секілді төрт мазһаб имамы да шапағаттың хақ екенін айтқан. Бүкіл ғалымдардың ең үлкені Имам Ағзам хазрет «Пайғамбарлар, ғалымдар және салихтар күнәһарларға шапағат етеді» деген. (Фиқһ-и әкбар).

Бүкіл фиқһ кітаптарында шапағатты жоққа шығарған имамға ұйып намаз оқуға болмайтыны жазылған. Шапағатты мойындамайтын имамның артында оған ұйып намаз оқуға болмайды. (Халеби).

Шапағатты, кирамән катибин періштелерін немесе руятуллаһты (жәннатта Аллаһу та'аланы көруді) жоққа шығаратын адамға ұйып намаз оқуға болмайды. Өйткені ол күпірлікте. (Нимәт-и ислам).

Миләл-Нихал кітабында «Расулуллаһтың шапағат ететініне, кирамән катибин періштелеріне және жәннаттағы руятқа сенбейтін имамның артында намаз оқуға болмайтыны Хуласа кітабында жазылған» дейді. (С.Әбәдия).

Шапағат – күнәһарлардың кешірілуі үшін арашы болып, оларды құтқару үшін Аллаһқа жалбарыну деген сөз. Діни кітаптарда хабар берілгені бойынша пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) шапағаты былай болады:

1) Махшарда күту азабынан құтқарады (Мақам-ы Махмұд шапағаты).

2) Көп адамды есепсіз жәннатқа кіргізеді.

3) Күнәсі көп мұсылмандарды тозақтан шығарады.

4) Сауабы мен күнәсі тең болып, Арафта күтіп тұрғандарды жәннатқа жібереді.

5) Жәннаттағылардың дәрежелерінің көтерілуіне шапағат етеді. (Итиқаднама, Бәриқа, Шира шәрһі).

Жалпылама тозақта кәпірлердің азабы мүлде азаймайды. Бірақ кейбір ережеден тыс мәселелер, ерекшеліктер бар. Мысалы шапағатпен тозақтағы кейбір кәпірлердің азабы жеңілдейді. (Бәриқа).

Расулуллаһ шапағат етпейінше ешбір пайғамбар шапағат етпейді. Оның шапағатынан кейін Аллаһу та'ала басқа пайғамбарларға, әулиелерге, салихтарға, шәһидтерге және сыддықтарға шапағат етуіне рұқсат береді. Раудатул-уләма кітабында осылай хабар берілген. (Шира шәрһі).

Құран кәрімде былай делінеді:

«Олардың Аллаһты тастап табынған пұттары шапағат ете алмайды. Тек хақ дінге сеніп, оған куәлік еткен адамдар ғана шапағат етеді». (Зухруф 86).

Хадис шәрифте де былай делінеді: «Аллаһу та'ала Жәбрейіл алейһиссаламның шапағатымен үмбетімнен иманды бір кісі қалмағанша бәрін тозақтан шығарады». Раудада осылай жазылған. (Шира шәрһі).