БІРІНШІ ТОМ, 49-шы ХАТХақ субханаһу уә та'ала дін және дүние мақсаттарыңызға жеткізсін! Дүние ләззаттарының фәни [өткінші] ниғметтерінің зиянынан құтылудың емі – оларды исламға сай қолдану. Яғни Аллаһу та'аланың бұйрықтарына және тыйымдарына бағыну. Исламға сай қолданылмаса, бұл ләззаттар зиянды болады. Аллаһу та'аланың ашуына, азабына себеп болады. Шынайы түрде, толықтай құтылу үшін бұл ләззаттарды мүмкін болғанша доғару қажет. Тоқтата алмағандардың емін, дәрісін қолдануы керек. Осылайша сол зиянынан құтылады. Бұл ләззаттарды доғара алмай, емін де қабылдамағандардың, осылайша пәлекеттерге, дерттерге душар болып, бақыттан мақұрым қалғандардың обалы жоқ! [Ислам діні дүниенің ләззаттарына, зауықтарына тыйым салмайды. Оларды хайуандар секілді азғын, зиянды түрде қолдануына тыйым салады]. Нәпсілерінің қалауына еріп, дүниенің ләззаттарын исламға сай қолданбайтындар, осылайша пайдалы және тұрақты болған жәннат ләззаттарынан қашқандар тым байқұс адамдар. Олар Аллаһу та'аланың бәрін көріп тұратынын білмей ме? Зияннан құтылу үшін дүниенің ләззаттарын исламға сай қолдану керектігін естімеген бе? Сұраққа, есепке тартылу күні әлбетте келеді, әр адамның дүниеде істегендері алдына қойылады. [Дүние зауықтары мен ләззаттарының соңынан жүгіргендердің өлгеннен кейін тірілудің бар екеніне, исламға бағынғандардың жәннаттың зауықтарына кенелетініне, исламға бағынбағандардың тозақ отында жанатынына сенбейтіні аңғарылады. Алайда олар озат, ұлы тұлға деп сенген еуропалықтар, америкалықтар жәннатқа, тозаққа сенеді. Шіркеулері адамға толы. Еуропалықтардың әдепсіздіктеріне, намыссыздықтарына өркениет деп еліктеген, олар сияқты ахиретке сенген азаматтарға керітартпа, дүмше деп тиісетіндердің шынайы түрлері айқын. Ақылдары жоқ, нәпсілерінің зауқының тұтқыны болған осындай бейшараларға алданбау керек]. Дүниеде Раббысының разылығына жеткен, Оның харам еткендерінен сақтанғандарға ол күні сүйіншілер болсын! Дүниенің жылтыр өміріне алданбағандарға, Раббысының азабынан қорқып, нәпсілеріне ие болғандарға, үйіндегілерге және қарамағындағыларға намаз оқуды әмір еткендерге [және әйелдеріне, қыздарына көшеге шыққанда орануды үйреткендерге] сүйіншілер болсын, сүйіншілер болсын! Аллаһу та'ала көрсеткен бақыт жолында болғандарға және Мұхаммед алейһиссаламға бағынғандарға сәлем болсын!
ЕКІНШІ ТОМ, 38-ші ХАТ Адам мен Аллаһу та'ала арасындағы ең үлкен перде – адамның нәпсісі. «Нәпсіңді таста да, маған кел! Іздеген күніңді жабатын бұлт сенсің! Өзіңді тап!» делінген. Нәпсінің арадан кетуі виждани [жүрекке қатысты] және зауқи іс. Сөз және жазумен түсіндіріле алмайды. Кітап оқу арқылы түсінілмейді. Ежелде нәсіп етілген болуы және Аллаһу та'аланың жәзб етуі [тартуы] қажет. Себептер әлемі болған бұл дүниеде махаббат шартымен бір әулиенің сұхбаты жеткілікті. Махаббат көп болған сайын Оның жүрегінен жайылып, оған келген фәйздердің, марифаттардың көбін алып, кемелдікке жетеді. «Адам сүйгенімен бірге болады» хадис шәрифі осыны хабар беруде.
ЕКІНШІ ТОМ, 39-шы ХАТ Әһлуллаһтың [әулиелердің] бар болуы тірі кезінде де, қайтыс болуынан кейін де рақымдылық. Тірі кезінде берген фәйздері мен берекеттері қайтыс болуынан кейін де жалғасады. Фәйздері мен берекеттері олардың жолынан айрылмағандарға ағуды жалғастырады. Дінде шығарылған бидғаттың сүннеттердің нұрын жоқ қылуына ұқсайды. Қайырлы іс жасауға тырысыңыз! Жақсы амал мен ғибадат жасауда жарысыңыз! Марқұмның балаларына қызмет етуді бақыт [олжа] деп біліңіз! Оларды исламға сай қуантыңыз! |