Әріп бойынша іздеуА Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э |
МазһабЕру, мойынсұну, ұстанатын, жүрілетін жол. Мутлақ мүжтәһид деп аталатын дін ілімінде жетік ғұламалардың мұсылмандардың орындаулары қажет болған жағдайларды діни дәлелдерден (Құран кәрім, хадис шәрифтер және ижмадан) үкім шығару усулдары (әдістері) және шығарып білдірген үкімдерінің жинағы. Әһли сүннеттің (Расулаллаһтың және сахабаларының жолының) жүздеген мазһабтарының ішінде қазірде тек төрт имамның мазһабы кітаптарға толық жазылып, қалғандары ұмыт болды. Бұл төрт мазһаб: Ханафи, Шафии, Малики және Ханбәли мазһабтары. (Тахтауи, Хамдуллаһ Дәжуи, Мұхаммед Бауа Уилтори) Сахабалардың (пайғамбарымызды көрген мұсылмандардың) барлығы үлкен ғұлама, терең мүжтәһид еді. Дін ілімдерінде, саясатта, билік-басшылықта, заманының жаратылыстану (дүниелік) білімдерінде және тасаууфта (ахлақ ілімінде) әрқайсысы жетік маман еді. Бұл білімдердің барлығын олар пайғамбарымыздың мүбәрәк жүзін көрумен, көңілдерді алған, рухтарды тартқан сөздерін, сұхбаттарын тыңдау арқылы қысқа уақытта меңгерген. Мүштәһид өз ижтиһадымен амал етуі тиіс болғандықтан әрқайсысының жеке өз мазһабтары бар еді. Мазһабтары арасында бір-бірінен аз-көп айырмашылықтар бар еді. Сахабалардан кейінгі екі ұрпақ: Табеин (сахабаи кирамды көргендер) және Табаи табеин (табеинді көргендер) арасында да мүжтәһид болғандар жиі кездесетін еді. Осы мүжтәһидтердің мазһабтары арасында тек төрт данасы ғана кітаптарға толық жазылып үлгерді және дүние жүзіне тарады. Ал басқаларының мазһабтары ұмытылды. (Сәйид Абдулхаким, Хамдуллаһ Дәжуи) Әрбір мұсылман ғибадатта, амалда төрт мазһабтың біріне мойынсұнуы керек. Төрт мазһабтан басқа мазһабты ұстану жаиз емес. Төрт мазһабтың біріне мойынсұну үшін бұл мазһабтың фиқһ білімдерін жақсы үйрену керек. Ол да сол мазһабда жазылған фиқһ және илмихал кітаптарынан үйреніледі. (Мұхаммед Абдуррахман Силхәти) Төрт мазһабтың ақидалары (сенімдері), яғни иман ілімдері бірдей, ешқандай айырмашылықтары жоқ. Төртеуі де әһли сүннет сенімінде. Әһли сүннет сенімінде болмағандарға әһли бидғат, бидғатшы делінеді. (Шәхристани, Тахтауи) Төрт мазһабтың біреуіне мойынсұну Құран кәрімге және Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мойынсұну деген сөз. Өйткені мазһаб имамдары Құран кәрімде ашық-айқын білдірілген үкімдерді пайғамбарымыздың Құран кәрімге қатысты ашықтамаларын білдіргендеріндей Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілмеген, жабық, жасырын болған мәселелердің үкімдерін де Құран кәрім және хадис шәрифтерді негізге алып ортаға шығарған. (Абдулғани Наблуси) Мазһаб имамыҚұран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілген дін білімдерін сахабалардан естіп немесе нақл жолымен жинақтаған, ашық білдірілмегендерді де өздерінің усулдары (әдістері) бойынша ашық білдірілгендерге ұқсатып шығарған кемел ғұлама, мутлақ мүжтәһид. Белгілі төрт мазһаб имамдарынан басқа мазһаб имамдары да бар. Бірақ бұлардың мазһабтарында болғандар азайып, қазіргі таңда біреуі де қалмаған. Сахабалардың әрқайсысы терең ғалым және мүжтәһид еді. Әрқайсысы өз мазһабтарында болған. Барлығы да мазһаб имамдарымыздан да үстем еді. Алайда бұлардың кітаптары болмағандықтан мазһабтары ұмыт болды. (Шарани) Мазһаб тақлиді1) Амалда, жасалатын істерде бір мүжтәһидтің ижтиһадтарына (үкімдеріне), фәтуаларына мойынсұну. Төрт мазһабтың бірін үйреніп, қабыл етіп, соны ұстану, сол бойынша амал ету. Әр мұсылман өзінің дене ерекшеліктеріне, өмір сүретін жерінің климатына, жұмыс, күн кешу шарттарына қарай өзіне ыңғайлы болған төрт хақ мазһабтың бірін таңдайды. Яғни осы мазһабтың илмихал кітабын оқып үйренеді. Бүкіл ғибадаттарын және барлық істерін сол мазһабты тақлид етіп (сол мазһабқа сай) орындайды. Төрт мазһабтың бірін тақлид етпеген (ұстанбаған) адам әһли сүннеттен (пайғамбарымыз және сахабаларының жолында болғандардан) айрылған болады. (Шәрнблали) Мазһаб тақлиді дегеніміз кітап (Құран кәрім) және сүннеттен (хадис шәрифтен) бөлек деген сөз емес. Керісінше мазһаб имамының кітап және сүннеттен шығарған үкімдеріне мойынсұну, яғни кітаппен сүннетке мойынсұну дегенді білдіреді. (Абдуррахман Силхәти, Наблуси) Қазіргі таңда дін білімдерін осы төрт мазһабтың бірінің илмиһал кітаптарынан үйренуден басқа шара жоқ. Әркім өзіне оңай болған мазһабты таңдайды. Сол мазһабтың кітаптарын оқып үйренеді. Барлық амалдарын сол мазһабқа сай жасайды. Сол мазһабты тақлид еткен (ұстанған) болады. (Юсуф Набхани) 2) Төрт мазһабтың бірін ұстанатын адамның бір амалды орындауда қажеттілік немесе зәрурет (басқа шара таба алмаған жағдайда) немесе орындау машақат (қиын, мүмкін емес) жағдайда төрт мазһабтың бірінің осы мәселеге қатысты шарттарына мойынсұнуы, үкімінен пайдалануы. Бір адам өз мазһабында өзінің көзқарасы бойынша емес, дінде білдірілген өлшемдердің төңірегінде бір амалды орындауға мәжбүр қалған жағдайда, қалған үш мазһабтың бірін тақлид ете алады. Бірақ сол мазһабтың осы мәселеге қатысты шарттарының барлығын да орындауы қажет. Мысалы: Ханафи мазһабындағы адам Шафии мазһабын тақлид етіп, нәжіс тиген (ластанған) су қоймасындағы (кіші хауыздағы) судан дәрет алатын болса, бетін жуған кезде ниет етуі және дәреттің тәртібіне (жуу ретіне) мән беруі және имамның артында тұрғанда “Фатиха” сүресін оқуы және намазда тадил әрканды міндетті түрде орындауы керек болады. Егер де бұлар жасалмаса, намаздың бұзалатыны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген. (Абдуррахман Имади, Абдулғани Наблуси) Бір адам бір мазһабқа мойынсұнғаннан (ұстанғаннан) кейін, қажеттілік (мәжбүр жағдай) туындамайынша басқа мазһабты тақлид ете алмайды. Бірақ бір амалды орындауда өз мазһабында қиындық туса, сол амалды басқа мазһабты тақлид ету арқылы орындауы жаиз болады. (Мұхаммед Хадими) Мазһабта мүжтәһидМазһаб имамының қойған усул (әдіс) және қағидаларына ұйып, діни дәлелдерден (қайнар көзден) жаңа үкімдер шығара алатын ислам ғұламасы. Оған мүжтәһиди муқайәд және мүжтәһиди мунтәсиб деп те айтылады. Имам Мұхаммед Шайбани фиқһ ғалымдарының екінші қатарынан болып, мазһабта мүжтәһид болып табылады. Ханафи мазһабына қатысты жүздеген кітаптар жазып, нақл еткен және таратқан. Көркем мінезі және үстемдік қасиеттерімен мәшһүр болған. (Ибн Абидин) МазһабсызМүжтәһид (діни дәлелдерден үкім шығара алатын үлкен ғалым) болмағанымен, хақ болған төрт мазһабтың біреуін тақлид етпейтін, мазһабтарды қабылдамайтын және діни дәлелдерден өз көзқарасы, өз пікірі бойынша үкім шығарып, соған сайкес амал ететін немесе осындай біреуге мойынсұнатын адасқан жолдағы адам. Ғибадаттардың дұрыс жасалуын білдіретін төрт хақ мазһаб бар. Бұлардың төртеуі де хақ, дұрыс. Бұл төрт мазһаб: Ханафи, Шафии, Малики, Ханбәли мазһабтары. Әр мұсылманның осы төрт мазһабтың біреуінің фиқһ кітабын оқып, ғибадаттарын осы кітапқа сай орындауы қажет. Осылайша сол мазһабқа кірген болады. Мазһабсыз болған адам әһли сүннет (пайғамбар алейһиссаламның және сахабаларының жолында жүргендерден) емес. (Тахтауи, Хамдуллаһ Дәжуи) Хақ, дұрыс болған төрт мазһабтың ақидалары яғни имандары бірдей. Иманда араларында айырмашылық жоқ. Төртеуі де Әһли сүннет сенімінде. Әһли сүннет сенімінде болмаған және төрт хақ мазһабтың біріне мойынсұнбаған адам әһли бидғат (бидғатшы, адасушы) немесе мазһабсыз. Бұлар өздеріне “бесінші мазһаб” дейді. “Бесінші мазһаб” деген нәрсе жоқ. (Шәхристани, Юсуф Набхани) Мазһабсыздар мазһаб имамы болған үлкен ғалымдардың үстемдіктерін қабылдамайды. Өздерінің де Құран кәрімнен және хадис шәрифтерден үкім шығара алатындарын айтады. Мазһаб ұстанғандары сауатсыз деп айыптайды. Мың жылдан бері келе жатқан дұрыс мұсылмандарды және мазһаб имамдарын тақлид еткен ғалымдарды төмен санап, өздерін шынайы мұсылман және ғасырдың қажеттіліктерін толық қамтыған жалпы мәдениетті Ислам ғалымы ретінде танытады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) Мазһамсыздық дінсіздікке алып баратын көпір. (Заһид-ул-Кәусәри) Мазһабсыз егер Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілген бір нәрсеге сенбеген немесе күмән келтірген болса, кәпір (имансыз) болады. Ашық түрде білдірілмеген күмәнді дәлелдерді тәуил етіп (өзінің көзқарасы бойынша жорамалдап) қате мағына берген болса, әһли бидғат (адасқан) болады. (Хамдуллаһ Дәжуи) МүжтәhидИжтиhад дәрежесіне яғни Құран кәрім, хадис шәриф және басқа да діни дәлелдерден (Құран кәрім, хадис шәриф, иджма, қиястардан) үкім шығара алу дәрежесіне жеткен ұлы дін ғұламасы. Бүкіл ислам ілімдерінде және өз заманының жаратылыстану (дүниелік) ғылымдарында өте білімді ғалым. «Ижтиhадында қателескен мүжтәhидке бір сауап, қателеспей дұрыс тапқанға екі немесе он сауап беріледі. Екі сауаптың біріншісі ижтиhад ету (Құран кәрім және хадис шәрифтерден үкім шығару) сауабы, екіншісі дұрыс тапқаны үшін берілетін сауап. (Хадис шәриф – Хадиқа) Ижтиhад ету дәрежесіне жеткен ғалымдар өздерінің ижтиhадтары (Құран кәрім және хадис шәрифтерден шығарған үкімдері) бойынша амал етулері қажет. Басқа мүжтәhидтердің ижтиhадтарына амал етулері жаиз емес. Ижтиhад ету – ғибадат, яғни Аллаhу та’аланың әмірі болғаны үшін ешбір мүжтәһид басқа мүжтәһидтің ижтиһадына қате деп айтқан емес. (Ибн Нужәйм) Мүжтәhид-и Мутлақ (Мутлақ мүжтәhид)Діни үкімдерді, Құран кәрім, хадис шәриф және басқа да діни дәлелдерден мағына шығаруда өзіне арнайы қағидалар және усул (әдістер) қойған мүжтәhид. Бұған мүжтәhид-и фиш-шәр және мүжтәhиди мустақил деп те айтылады. Төрт мазhабтың да имамдары мутлақ мүжтәһид еді. Осы төрт имамнан кейін мутлақ мүжтәhид ғалым жетілмеді. Ешбір ғалым мутлақ мүжтәhид екендігін айтпаған. Тек қана Мұхаммед Жәрири Табари мутлақ мүжтәhид ғалым екендігін айтса да, ешбір ғалым бұл сөзін қабылдамады. (Имам Шарани) Хижреттен төрт жүз жыл өткеннен кейін мүтлақ мүжтәhид ғалым жетілмегені үшін бұл уақыттан кейін келген ғалымдарды тақлид ету жаиз емес. Бұл уақыттан алдын жетілген бір мутлақ мүжтәhид ғалымның мазhабын үйрену үшін (сол мазһабтың) ғалымдарының ауызбірлігімен қабылдаған дін үкімдерін білдіретін фиқh кітаптарын оқу керек. (Имам Мәнауи) Ниса сүресінің 58-аятында: «Түсіне алмаған дін істерінде кітапқа (Құран кәрімге) және сүннетке (хадис шәрифтерге) жүгініңдер» делінген. Бұл әмір мутлақ мүжтәhид болған ғалымға мойынсұну керектігін білдіретін әмір. (Махмуд бин Абдулғайур Пишауури) Мүжтәhид фил Мазhаб (Мазhабта мүжтәhид)Мазhаб имамының қойған қағидаларға сүйене отырып төрт дәлелден (Құран кәрім, сүннет, иджма, қиястардан) үкім шығаратын ислам ғалымы. Бұған мүжтәhид-и муқаййәд немесе мүжтәhид-и мүнтәсиб деп те айтылады. Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед Шәйбани және Имам Ағзамның бұлардың дәрежесіндегі басқа да шәкірттері мазhабта мүжтәhид ғалымдар болған. Бұлардың шығарған үкімдерінің кейбірлері Имам Ағзамның шығарған үкімдеріне сай келмеуі мүмкін. Ижтиhад дәрежесіне көтерілгендері үшін өздерінің шығарған үкімдеріне амал етулері қажет. (Кәмал Пашазада Ахмет бин Сүлейман) Мазhабта мүжтәhид ғалым болған Имам Мұхаммед Шәйбани дін үкімдерінде мыңдаған кітаптар жазған. Шәкірттерінен болған Имам Шафиидің анасына үйленгені үшін, қайтыс болғаннан кейін бүкіл кітаптары Имам Шафииге қалып, оның білімінің артуына себепші болған. Сол себепті Имам Шафии: «Ант ішіп айтамын, фиқh (діни үкімдері тақырыбындағы) білімім Имам Мұхаммедтің кітаптарын оқу арқылы артты. Фиқh білімін тереңдетуді қалаған адам Әбу Ханифаның шәкіртімен бірге болсын» деп айтқан. (Ахмет Зуhди) Мазhабта мүжтәhид болған ғалым өзінің мазhаб имамына ұйымайды. Өзінің рәиімен (үкімімен) фәтуа (діни сұрақтарға жауап) береді. Бірақ дәлелдерін мазһаб имамдарының қағидалары, әдіс-тәсілдері бойынша іздейді. Бұл қағидалардың сыртына шықпайды. (Имам Суйути) Муфти мутлақ мүжтәhид болмаса мазhабта мүжтәhид болуы керек. Бұлай болмаса муфти деп айтылмайды, діни үкімдерді, фәтуаларды нақл етуші деп айтылады. (Ибн Абидин) МүстаһабЖақсы көрілген, ұнатылған деген мағыналарды білдіреді. Сүйікті пайғамбарымыздың ұнатып кейде істеуі әдет болған, істелгенде сауап беріліп, істелмеген кезде күнә болмайтын амалдар. Бұның үкімі сүннеті ғайри мүәккәдә үкіміндей. Бұларды iстеген адам көп сауап алады, ал iстемегенге азап болмайды, шапағаттан да махрұм қалмайды. Бұған мәндуб, әдеп те айтылады. Мүстаһабтарға немқұрайлылықпен қараған, мән бермеген адам сүннеттерді орындай алмайды. Сүннеттерге немқұрайлылық ету парыздардың орындалуын қиындатады. Ал парыздарды немқұрайлылықпен орындаған адам Аллаһу та’аланың разылығына қауыша алмайды. (Мұхаммед Масум Фаруқи) Мүстаһабтарға жеңіл қарамау керек. Бұлар Аллаһу та’аланың жақсы көрген, ұнатқан нәрселері болып табылады. Егер бүкіл дүниені беріп Аллаһу та’аланың ұнататын бір ісін істей алуға көзі жетсе және дүниені беріп сол ісі жүзеге асырылса өте үлкен пайда көреді. Яғни бір сынық құмыра беріп бағалы бір алмас алғандай болады. Немесе бірнеше тас бөліктерін беріп, өлген сүйіктісіне жанын қайтарғандай, қайта тірілткендей болады. (Имам Раббани) Мүстаһаб амалдарды орындау Аллаһу та’алаға жақындатады және Аллаһтың разылығына қауышуға себеп болады. (Абдулхаким Аруаси) Имамның соңғы сүннетті парызды оқыған жерде оқуы мәкрух (ғибадаттың сауабын азайтады). Жамағаттың сүннет пен парызды бір жерде оқуы мәкрух болмаса да, басқа жерде оқуы мүстаһаб болады. Мүстаһабты орындамаған адамның намазы нұқсан болмайды, бірақ сауабынан махрұм қалады. (Шәрнблали) Бес уақыт намазды уақыттары кірісімен оқу керек. Тек құптан намазын қыс айларында түннің үште біріне дейін кешіктіріп оқу мүстаһаб. (Имам Раббани) МубахДінімізде әмір де етілмеген және тыйым да салынбаған амалдар. Яғни күнә немесе ғибадат екендігі білдірілмеген iстер. Жақсы ниетпен iстелуінде сауапқа, жаман ниетпен iстелуінде азапқа себеп болады. Мубахтар жақсы ниетпен жасалса таат (ғибадат, Аллаһу та’аланың ұнатқан нәрсеселері) болады. Жаман ниетпен жасалса күнә болады. Адам мубах істі жасаудан алдын ниетіне мән беруі керек. Ниеті жақсы болса оны істеуге болады. Егер ниеті Аллаһу та’ала үшін болмаса істемеуі керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) Аллаһу та’аланың мубах еткен яғни рұқсат еткен амалдары өте көп. Ал харам еткен, тыйым салған нәрселері өте аз. Мубахтардағы ләззаттар харамдардағы ләззаттардан қаншама есе көп. Аллаһу та’ала мубах істеген адамдарды жақсы көреді, харам істегендерді жаман көреді. Ақылды, дұрыс ойлайтын адам өткінші ләззат үшін Аллаһу та’аланың разы болмайтын, ұнатпайтын нәрселерін істемейді. Онсыз да Аллаһу та’ала зиянды болған бір ләззатты харам еткенде, бұл ләззаттағы басқа бірнеше нәрселерді мубах еткен. (Имам Раббани) Аллаһу та’ала құлдарына игілік, мейірімділік етіп көп нәрселерді мубах еткен, рұқсат берген. Рухы ауруға шалдыққаны, көңілі бұзылғаны үшін мубахтарға тоймай, еш бітпейтін мубахтарды тәрк етіп, Ислам дінінің шекарасынан шыққандар, харамдар және күмәнді болған нәрселерді істейтіндер неткен бейшара, бақытсыз адамдар. (Имам Раббани) Мубахтарды қажетті мөлшерде ғана пайдалану керек. Бір адам мубахтарды яғни Ислам дінінің рұқсат еткен нәрселерден әр қалағанын істеп, асып тасатын болса, кейін күмәнді нәрселерді жасауды бастайды. Ал күмәнді нәрселер харамдарға жақын болады. (Имам Раббани) МәкрухАллаһу та’ала және Мұхаммед алейһиссалам ұнатпаған және ғибадаттардың сауабын азайтатын iстер. Тыйым салынғаны харам сияқты нақты білдірілмеген, Құран кәрімде күмәнді дәлелдермен яғни ашық білдірілмеген немесе сахабалардың (сүйікті пайғамбарымыздың достарының) білдіруімен түсінілген тыйымдар. Мәкрух екені білдірілген тыйым салынған істерді үзірсіз жасау күнә болып табылады. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) Кіші және үлкен дәреті қысқан кезде немесе жел қысқан кезде намаз оқу мәкрух болып табылады. Намаздың арасында қысса, намазды бұзу керек. Егер намазды бұзбаса күнә болады. Жамағатты жіберіп алса да, намазды бұзғаны жақсы. Кәрахатпен (мәкрухпен) намаз оқығаннан гөрі, жамағат сүннетін оқымау абзал болып табылады. Намаз уақытын немесе жаназа намазын өткізіп алмау үшін бұлай оқу мәкрух болмайды. (Ибн Абидин) Мұсылман
Аллаhу та’аланың пайғамбарлары арқылы жібергендеріне және Мұхаммед алейhиссаламға сеніп, Аллаhу та’аланың әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтанған адамға мұсылман делінеді. Аллаhу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Малдарын, жандарын пида етіп дін дұшпандарымен Аллаhразылығы үшін соғысатын, жиһад ететін мұсылмандар үйлерінде отырып, қамалып ғибадат ететіндерден артық. Барлығына жаннатты уәде етемін.» (Ниса сүресі 95) «Мұсылман – мұсылмандарға қолымен де, тілімен де зиян бермейтін адам.» (Хадис шәриф – Бұхари, Мүслим) «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық жасамайды. Әрдайым оған жәрдемдесуге асығады. Менсінбеушілік етпейді және өзінен төмен деп санамайды. Оның жанына, малына, ар-намысына зиян тигізуі харам болып табылады.» (Хадис шәриф - Әшиатул-Ләмәат) «Бір адамның мұсылмандығының көркемдігі малаяниден (пайдасыз нәрселерден) ұзақ тұруынан және қажетті нәрселерді жасауынан белгілі болады.» (Хадис шәриф – Мәктубат) "Бір мұсылман Аллаhу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына қаншалықты мойынсұнатын болса, Аллаhу та’ала да оны соншалықты азиз (қадірлі) етеді. Өзге мұсылмандардың көңіліне (жүректеріне) де оған деген сүйіспеншілікті орнатады." (Ибраһим Хаууас) "Мұсылман – жақсы, ақыл-есі дұрыс адам. Шынайы мұсылман Аллаhу та’аланың әмірлеріне мойынсұнады. Аллаhу та’аланың әмірлерін орындамау күнә болады. Құл борыштарын өтейді. Мұсылман күнә жасамайды және қылмыс істемейді. Отанын, ұлтын және байрағын жақсы көреді. Барша адамдарға жақсылық жасайды және жамандық жасағандарға насихат береді. Осындай мұсылманды Аллаhу та’ала да, құлдары да жақсы көреді. Ондайлар бақытты және тыныштықта өмір сүреді." (Абдулхаким Аруаси) Махрем
1) Жақын туыс. Діни тұрғыдан үйленуі өмір бақи харам болған, тегі жағынан туыс, сүт арқылы туыс немесе үйлену себебімен неке бойынша харам болған адам. «Әйел адам жанында бір махремі (жақын туысы) болмаса қажылыққа бара алмайды.» (Хадис шәриф - Кунуз-уд-Дақаиқ) Бір әйел немесе еркекке он сегіз адам өмір бақи махрем болып табылады. Яғни бұлармен өмір бақи үйлене алмайды, үйленуі харам болады. Бұлардың жетеуі тегі жағынан, жетеуі сүт арқылы туыстық, төртеуі неке арқылы болатын туыстық. (Саидуддин Ферғани, Тадж-уш-Шәриа) "Еркін (күң және тұтқын емес) әйелдің күйеуі немесе өмір бақи махрем болған туысынан бірі қасында болмай жалғыз немесе басқа әйелдермен немесе балиғат жасына толмаған (ақылды және ғұсыл алатындай жасқа келмеген) және салих болмаған махрем туысымен үш күндік жолға шығуы (үш мазһабта да) харам." (Мұхаммед Хадими) "Өмір бақи махрем болған, яғни некелесуі өмірбақи харам болған он сегіз әйелден басқа, мұсылман болсын, кәпір болсын, ешбір әйелдің, еш жерде қолдарынан және жүзінен басқа жерлеріне шәһуатсыз да қарау харам болып табылады." (Сүлейман бин Жәза) 2) Жасырын ұсталатын, ешкімге айтылмайтын мәселелер "Махрем болған нәрселеріңді адамдарға айтпаңдар. Соңында өкінесіңдер." (Сәйид Абдулхаким Аруаси) Мәбрур қажылық«Мәбрур қажылық жасаған адамның дүниеге жаңа келгендей күнәлары кешіріледі.» (Хадис шәриф – Бәриқа) «Амалдардың ең қайырлысы – Аллаһу та’алаға иман келтіру, жиһад ету және мәбрур қажылық.» (Хадис шәриф – Хилйетул-Әулия) "Мәбрур қажылық қазаға қалған парыздардан (уақытында орындалмай, кейінге қалған намаз, ораза, зекет) және құл ақыларынан басқа күнәлардың кешірілуіне себеп болады." (Хадими) |