Әріп бойынша іздеуА Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э |
Атау
Нәзір ету, Аллаһу та’аланың разылығына қауышу немесе бір қалауының орындалуы немесе бір бәленің, қиыншылықтың кетуі мақсатында Аллаһу та’ала үшін ораза тұту, құрбандық шалу сияқты жеке басына ғибадат болған немесе соған ұқсаған нәрсені өзіне уәжіп деп қабылдау. (Нәзір бөлімін қараңыз) Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Атағандарын (нәзірлерін) орындасын.» (Хаж сүресі 29) Атау ғибадат. Аллаһ үшін жасалады. Құл үшін жасалмайды. Аталған нәрсенің парыз немесе уәжіп болған бір ғибадатқа ұқсауы немесе жеке басына (толыққанды) ғибадат болуы керек. Намаз, ораза, қажылыққа бару, құл азат ету т.б. ғибадаттарды атауға болады. Дәрет алу, өліні кебіндеу, азан оқу, мектеп және мешіт салу сияқты ғибадаттар жеке басына ғибадат болмағандықтан (бір ғибадаттың бөлшегі болғандықтан) бұларды атауға (нәзір етуге) болмайды. Атау екі түрлі болады: 1) Мутлақ атау: Аллаһу та’ала үшін бір жыл ораза тұтамын деу сияқты. Ойланбастан, сөз арасында аузынан шыққан болса да орындау уәжіп болады. 2) Шартқа байланысты атау: Ауруым жазылса Аллаһ үшін пәлен мөлшерде садақа беремін, сауабын мысалыға Сәйид Ахмед Бәдәуи хазреттеріне бағыштау нәзірім, атағаным болсын деу сияқты. Ауру жазылғаннан кейін бұларды орындау қажет болады. Атауды орындау уәжіп. Парыз болады деген ғалымдар да бар. (Ибн Абидин) Адем
1) Жоқтық, бар болудың қарама-қайшылығы. Ғаламның негізі адем. Әлемдер яғни барлық нәрсе бар болудан бұрын адемде еді. (Кемахлы Файзуллаһ) 2) Тасаууфта саликтің (тасаууф жолаушысының) өзін қаптаған рухани хал себебімен өзінен кету халі. Адам (алейһиссалам)
Құран кәрімде есімі өткен пайғамбарлардан. Жер жүзінде жаратылған алғашқы адам және алғаш пайғамбар, бүкіл адамдардың атасы. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Сөзсіз, Исаның халі де (яғни әкесіз дүниеге келуі де) Аллаһ алдында Адамның (алейһиссалам) халі сияқты. Аллаһу та’ала оны топырақтан жаратты. Кейін оған “БОЛ” деді, ол да (жан бітіп) болды.» (Али Имран сүресі 59) «Аллаһу та’ала Адамды (алейһиссалам) жер жүзінің әр тарапынан алдырған топырақтан жаратты. Осы себепті ұрпақтарынан қара, ақ, қара торы, қызыл түсті болғандары барындай кейбіреулері бұл түстердің арасында. Кейбіреулері жұмсақ, кейбіреулері қатаң, кейбіреулері халис және таза болды. (Хадис шәриф – Муснәди Ахмед бин Хабәл) Түрлі аймақтардан әкелінген топырақтарды періштелер сумен балшық жасап, адам кейпіне ендірді. Бұл мүсін Мекке мен Таиф арасында қырық жыл қалып (пісіп, кепкен) болды. Яғни піскендей кепті. Алдымен Мұхаммед алейһиссаламның нұры маңдайына қойылды. Кейін Мұхаррам айының оныншы жұма күні рух берілді. Оған барлық нәрсенің аты және пайдасы білдірілді. Бойы және жасы нақты білдірілген емес. Аллаһу та’аланың әмірімен барлық періштелер Адам алейһиссаламға сәжде етті. Ібіліс тәкаппарланып бұл әмірге қарсы шықты және сәжде етпеді. Адам алейһиссалам қырық жасында Фирдаус атты Жаннатқа апарылды. Жаннатта немесе одан бұрын Мекке сыртында ұйықтап жатқанында сол жақ қабырға сүйегінен хазреті Хауа анамыз жаратылды. Аллаһу та’ала оларды бір-біріне некеледі. Тыйым салынған ағаштан алдымен Хауа, кейін Адам алейһиссалам жегендері үшін жаннаттан шығарылды. Адам алейһиссалам Үндістанда Цейлон (Серендиб) аралына, Хауа анамыз болса Жиддаға түсірілді. Адам алейһиссалам екі жүз жыл жылап жалбарынғаннан кейін, тәубе және дұғасы қабыл болып қажылыққа келуі әмір етілді. Арафат алаңында Хауа анамызбен табысты. Қағбаны тұрғызды. Әр жылы қажылық жасады. Арафат алаңында немесе басқа жерде қияметке дейін келетін ұрпақтары белінен түйірлер халінде шығарылды. Аллаһу та’ала тарапынан: «Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?» деп сұралды. Барлығы «иә, Раббымызсың» деді. Кейін барлығы зерелер халінде беліне кірді. Кейін Шамға келді. Мұнда балалары болды. Ұрпағынан қырық мың адамды көрді. Мың бес жүз жасында балаларына пайғамбар болды. Балалары түрлі тілдерде сөйледі. Жәбрейіл алейһиссалам Адам алейһиссаламға он екі рет келді. Ораза, күніне бір уақыт намаз және ғұсыл әмір етілді. Кітап беріліп физика, химия, медицина, дәрі өндірісі, математика ілімдері үйретілді. Сурйаниша, ибраниша және арапша тілдермен кірпіш бетіне көптеп кітап жазылды. Бір риуаят бойынша екі мың жасында жұма күні қайтыс болды. Хазреті Хауа анамыз қырық жылдан кейін қайтыс болды. Қабірлерінің Құдыста немесе Минада Мәсжиди Хифте немесе Арафатта екендігі туралы риуаяттар бар. (Нишанжызада уә Салеби) Адийат сүресі
Құран кәрімнің жүзінші сүресі. Адийат сүресі, Мекке-и мукаррамада түсті. Мәдина-и мунаууарада түскендігі де айтылады. Он бір аяти кәримадан тұрады. «Ант етемін (Аллаһ жолында соғыс үшін жылдам) шапқан аттарға» деген бірінші аяти кәримадағы шапқан аттар деген мағынадағы “адийат” сөзі сүреге есім болған. Сүре пайғамбарымыздың соғысқа жіберген атты әскерлері кешігіп, мұнафықтардың (жүректерімен сенбегенімен ауыздарымен сендік дегендердің) олар өлтірілді деген хабар таратуына байланысты, тірі екендіктерін, тіпті жеңіске жетіп, ғанимет мүліктерін әкеле жатқандықтарын сүйіншілеп түскен сүре. Сүреде сондай-ақ адамдардың жақсылықтың қадірін білмеушілігі, шүкірсіздігі, мал-мүлікке, байлыққа берілгендіктері, өлгеннен кейін бастарына келетін қасіреттер жайлы айтылуда, Аллаһу та’аланың адамдардың барлық халдерінен хабардар екендігі ескертілуде. (Ибн Аббас, Табери) Аллаһу та’ала Адийат сүресінде былай дейді: «Сөзсіз адамдар Раббысының ниғметтерінің қадірін түсінбеуде (тым шүкірсіздік етуде). Шүбһәсіз ол (Аллаһу та’ала немесе адам) бұған куә. Шындығы ол (адам) мал-мүлікке деген махаббатына байланысты өте қатты және сараң.» (6-8 аяттар) Ад қауымы
Худ алейһиссаламның қауымы. (Хұд алейһиссалам бөлімін қараңыз) Бұл қауым Нұх алейһиссаламның немерелерінен болған Адтың балаларынан тарағандықтан осылай аталған. Бұл тайпа Йеменде Хадрамут аймағына, Умман мен Аден арасында Ахкаф деп аталатын жерді мекендеді. Йемен мен Шам арасында тұрғандықтары да риуаят етіледі. Құран кәрімде былай делінеді: «Ад қауымына бауырлары Худты пайғамбар етіп жібердік. Хұд (алейһиссалам) оларға: “Ей қауымым! Аллаһу та’алаға ғибадат етіңдер. Ғибадат етілетін Одан басқа (тәңір) жоқ. Әлі де Оның азабынан қорқпаймысыңдар?” деді.» (Араф сүресі 65) Құран кәрімде Хұд алейһиссалам үшін “Ад қауымының бауыры” делінуі дін бауырлары болғандықтан емес. Сол қауымның ішінен шыққандығы, олармен бір тектен шыққандығынан айтылған. Өйткені діни сенім және ғибадаттары жағынан Хұд алейһиссаламның қауымымен жақындығы және ұқсасты. Адн жаннаты
Жеті қат көктердің үстінде жаратылған сегіз жаннаттан дәреже тұрғысынан ең үстем болғаны. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Иман иелері, алтын білезіктер және інжумен сәнделетін Адн есімді жаннаттарға кіреді» (Фатыр сүресі 33) «Аллаһу та’ала Адн есімді жаннатты күнә істемекші болғанда Аллаһу та’аланың ұлылығын ойлап, Одан ұялып күнәдан бас тартқан адамдар үшін дайындады.» (Хадис шәриф – Дуррәтул-Фахира) Адн жаннатына пайғамбарлар, шәһидтер және сыддықтар кіреді. Пайғамбарымыздың дәрежесі болған Уәсилә Адн жаннатында. (Имам Биргиуи) Ахир зухур (соңғы бесін немесе ихтият бесін)
Жұма намазының төрт рәкат соңғы сүннетімен екі рәкат уақыттың сүннеті арасында оқылатын төрт рәкаттық намаз.Біздің аймақтарда бұл намаз соңғы бесін немесе ихтият бесін деп аталады. "Қалада жұма намазы бірнеше мешітте оқылуына болады. Бірақ Ханафи мазһабының кейбір ғалымдарынан және үш мазһаб ғалымдарының көпшілігінен бір мешіттен басқа жерде жұма намазы оқылмайды дегендер бар. Сол себепті қала болып жұма намазы қабыл болмау күмәні болған жерлерде “Мойныма ең соңғы парыз болған бесін намазымның парызын оқуға” деп ниет етіліп ахир зухур намазы оқылуы керек." (Абдулхақ Дәхләуи) Ахирет
Адамның өлімімен басталатын мәңгі (шексіз) өмір. Ахиретке иман, сенілуі қажетті алты шарттың бесіншісі. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ал кім мумин күйінде ахиретті (жаннатты) қалап және сол үшін қажетті түрде талпынатын болса (дінге мойынсұнса), міне солардың талпыныстары қабыл болады.» (Исра сүресі 19) «Дүние үшін дүниеде қалатыныңдай еңбек ет! Ахирет үшін ол жақта мәңгі қалатыныңдай еңбек ет! Аллаһу та’алаға мұқтаж болғаныңдай мойынсұн! Тозаққа шыдай алатыныңдай күнә жаса!» (Хадис шәриф – Әйухал уәләд) Сендерден бұрынғылар ахирет істерімен шұғылданып, тек артылған уақытты ғана дүниелік істерге жұмсайтын. Ал сендер болса тек дүниелік істермен шұғылданып, уақыт қалса ғана ахирет істерін орындаудасыңдар. (Аун бин Абдуллаһ) Ахиретті ойлау ақылдылықтың белгісі, көңілдің жандылығы. (Әбу Сүлейман Дарани) Бір көңілде ахиретке деген қалау көбейген сайын, дүниелікке деген ойы ол көңілден жоғалады. (Әли Музәййан) Аллаһу та’ала білдірген ахиреттің бір күні дүниенің мың күніне тең. Бұлай екендігі Хаж сүресінде ашық білдірілген. Неліктен мұнша мерзім екендігін тек Аллаһу та’ала біледі. Өйткені ахиретте дүниедегі түндермен күндіз, ай және жыл жоқ. (Мектубат – Имам Раббани) Ахирет ғалымы
Дүниелікке, мал-мүлікке, мансапқа мән бермейтін, ілімі арқылы дүниелікке қол жеткізуге талпынбайтын, ілімімен амал ететін, істері сөзіне сай, ғибадатқа жақсылыққа шақыратын, ілімі ахиретіне пайдалы болған қарапайымдылық иесі болған ғалым. Ахирет ғалымының белгілері ретінде мыналар айтылды: Хашиат (Аллаһтан қорқу), тәуазу (қарапайым мінезділік), көркем мінез және зухд (дүниелікке әуес болмау). (Имам Ғазали) Ахқаф сүресі
Құран кәрімнің қырық алтыншы сүресі. Ахқаф сүресі, Мекке-и мукаррамада түсті. Отыз бес аят. Жиырма бірінші аяти кәримада өткен Ахқаф сөзі сүреге есім болған. Ахқаф ұзын және биік құм төбешігі дегенді білдіреді. Сүреде аты өткен Ахқаф, Арабстанның оңтүстігінде Умман және Мәхре арасындағы құмдық аймақ. Бұл жөнінде басқа риуаяттар да бар. Хұд алейһиссалам Ад қауымын осы жерде иманға шақырды. Сүреде Аллаһу та’аланың бір екендігінің дәлелдері, жаман болған (Аллаһу та’алаға ширк (серік) қосудың) дұрыс еместігі білдірілуде, сенгендердің Аллаһу та’аладан қорқып күнәлардан сақтанғандардың көп сияпаттарға қауыштатындығы сүйіншіленуде, мүминдердің мойындарына әке-шешелеріне жақсы мәміледе болу жүктелгендігі, дүниенің фәни (өткіншіл) ләззаттарына тұтылудың дұрыс еместігі түсіндірілуде, Ад қауымының қиссасы және Хұд алейһиссаламға сенбей, оған қарсы шығулары нәтижесінде ауыр азабтарға душар болғандықтары хабар берілуде және басқа да тақырыптар айтылуда. (Абдуллаһ ибн Аббас, Сәнауллаһ Дәхләуи) Құран кәрімде Ахқаф сүресінде былай делінеді: «“Раббымыз Аллаһ” деп, кейін осы жолдан айнымағандарға (иә) оларға (қиямет күні) қорқыныш жоқ. Олар (өлерінде) қайғылы болмайды.» (13-ші аят) «Әлі де мына ақиқатты білмеді ме, көктерді және жерді қиыншылықсыз, қымсынбай жаратқан Аллаһу та’ала өлілерді де тірілтуге құдіретті. Иә Ол, барлық нәрсеге құдіретті, күші жетуші.» (33-ші аят) «(Хабибім) Улул-азм пайғамбарлардың сабыр еткендеріндей сен де сабыр ет! Оларға азап берілуіне дұға етуге асықпа.» (35-ші аят) «Кімде кім Ахқаф сүресін оқитын болса, ол үшін дүниедегі құмдардың әр біріне келетін он сауаптан жазылады.» (Халдис шәриф – Әнуарут-тәнзил уә Әсрарут-тәуил) Ахзаб сүресі
Құран кәрімнің отыз үшінші аяты. Ахзаб сүресі Мәдина-и мунаууарада түскен. Жетпіс үш аяти кәримадан тұрады. Сүре есімі бірлескен дұшпан әскері деген мағынаны білдіретін ахзаб сөзінен алынған. Сүреде Ислам дұшпандарының Исламға қарсы әрекет еткендері және соңында жеңіліске ұшырағандары, пайғамбарымызға және муминдерге жәбір көрсеткендердің ауыр азапқа душар болатынын, расулуллаһ алейһиссаламның мүбәрәк жұбайларының және басқа да мұсылман әйелдерінің тәсәттур ететінін (оранатынын), кәпірлердің ахиретте ауыр азап көретінін және қатты өкінетінін, мүминдердің өз мойындарына түскен міндеттерін орындаса, тақуалықты ұстанып күнәлардан сақтанатын болса өте көп ихсандарға қауышатындары түсіндірілуде. (Ибн Аббас Бәғауи, Рази) Ахзаб сүресінде былай делінеді: «Ей иман келтіргендер! Аллаһу та’аланы көп зікір етіңдер, әрқашан еске алыңдар, еш ұмытпаңдар...» (41-ші аят) «Ей Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мұсылмандардың әйелдеріне (сыртқа шығарда) үстеріне сырт киімдерін киюлерін айт...» (59-шы аят) «Кімде кім Ахзаб сүресін оқып және жанұясына және жариясына үйретсе қабір азабынан құтылады.» (Халдис шәриф – Әнуарут-тәнзил уә Әсрарут-тәуил) Аъла сүресі
Құран кәрімнің сексен жетінші сүресі. Аъла сүресі Мекке-и мукаррамада түсті. Он тоғыз аяти кәримадан құралған. Бірінші аяти кәримада өткен ең үстем, ең ұлы деген мағынаны білдіретін “Аъла” сөзі сүреге есім болған. Сүреде Аллаһу та’аланы әр түрлі кемшілік сипаттардан пәк, нұқсандықтардан ұзақ деп қабылдау керектігі, расулуллаһтың насихаттарынан кімдердің пайдаланып құтылатыны, ал кімдердің пайдалана алмай азапқа ұшырайтындығы, адамдардың дүние өмірін таңдағандары, ал негізінде ахиреттің дүниеден де қайырлы екендігі, өйткені дүниенің өткіншіл екендігі, ал ахиреттің мәңгі екендігі және басқа да жайттар баяндалуда. (Ибн Аббас, Қуртуби) Аъла сүресінің бірінші аяти кәримасында былай делінеді: «Раббыңның ол ұлы есімін тәсбих ет (Оның затында, сипаттарында және есімдерінде Оған лайық болмаған барлық нәрседен муназзах (ұзақ, таза) екендігіне сен. Оның атын басқаға берме.)» «(Хабибім) Сен енді (пайда берсін, бермесін) адамдарға үгіт-насихат бер. Аллаһу та’аладан қорқатын адам насихатты, үгітті тыңдайды (одан пайдаланады). Өте пасық және бейбақ болған адам бұл насихаттардан қашады. Ол жаһаннам отына кіреді.» (9-12-ші аяттар) «Бәлкім сендер (ахиреттің орнына) дүние өмірін таңдарсыңдар. Ал негізінде ахирет одан да қаырлы және тұрақты.» (16, 17- аяттар) Алақ сүресі
Құран кәрімнің тоқсан алтыншы сүресі. Алақ сүресі, Меккеи мукаррамада түсті. Он тоғыз аяти кәрима. «Адамды ұйыған қаннан жаратты» деген екінші аяти кәримадағы “ұйыған қан” деген мағынадағы “алақ” сөзі бұл сүреге есім болған. Сүре Иқра (оқы) деп басталатындықтан “Иқра” деп те аталады. Алғашқы бес аяти кәримасы Құран кәрімнің алғаш түскен аяттары. Сүреде түрлі жағдайлар білдірілуде және осы арада пайғамбарымызға дұшпандық еткендер, қауышқан ниғметтерінің қадірін (шүкіршілігін) білмей азғындағандар, тәкаппарлыққа берілгендер ескертілуде, расулуллаһ алейһиссаламға бұл сияқты адамдарға ілтипат етпеуі, сәждеге (намазға), және салих (жақсы) істерді жасауды жаслғастырып Аллаһу та’алаға рухани жақындыққа қауышуға талпыну әмр етілуде. (Ибн Аббас, Қуртуби, Табери) «Адамның мұхтаждығы қалмағанда әлбетте азғындайды.» (6-шы аят) Алейһиссалату уә сәлләм
Пайғамбарлар, әсіресе біздің пайғамбарымыздың есімі аталғанда, жазылғанда және естілгенде айтылатын және жазылатын салат және сәлем (игі дұғалар) оған болсын деген мағынаны беретін дұға және тағзым (құрмет) білдіретін сөз. Екі адам үшін “алейһимассалам” одан көп адам үшін “алейһимассалуату уә сәлләм” делінеді. Пайғамбарымыз алейһиссалату уә сәлләм былай деген: «Жаһаннамға кіруі харам болған және жаһаннамның оны жағуы харам болған адамды білдірудемін. Назар аударыңдар! Бұл адам адамдарға жеңілдік, жұмсақтық көрсететін адам.» (Хадис шәриф – Бұхари) Али Имран сүресі
Құран кәрімнің үшінші сүресі. Али Имран сүресі, Мәдина-и мунаууарада түсті. Екі жүз аяти кәримадан тұрады. Отыз үшінші аяти кәримада өткен Али Имран сөзі сүреге есім болған. Сүреде Аллаһу та’аланың бір екендігі, үстем сипаттары білдірілуде, бүкіл пайғамбарларды растау әмір етілуде, олардың барлығының Аллаһу та’аланың құлдары екендігі, кейбірін мойындамаудың немесе кейбірін илаһ (құдай) деп танудың қате екендігі білдірілуде, мұсылмандарға Аллаһу та’аланың материалдық және рухани ихсандарын естеріне салып, хикметке байланысты уақыт уақытымен бастарына түскен қиыншылықтарға, машақаттарға сабыр етулеріне кеңес берілуде және басқа да жайттар баяндалуда. (Ибн Аббас, Қуртуби) Али Имран сүресінде былай делінеді: «Раббыларыңнан кешірім тілеуге және жаннатты сұрауға асығыңдар. Осы жолда еңбектеңідер. Жаннаттың үлкендігі көктер мен жердей. Жаннат Аллаһу та’аладан қорқатындар үшін дайындалды. Бұлар аз болса да мал-мүліктерін Аллаһ жолында береді. Ашуларын белгілі етпейді. Адамдарды кешіреді. Аллаһу та’ала жақсылық еткендерді жақсы көреді.» (133, 134-ші аяттар) «Қиямет күнінде Құран кәрім және онымен амал еткендер әкелінеді. Құран кәрімнің алдында (ең ұзын және ең көп үкімді болғандары үшін) Бақара және Али Имран сүрелері болады. Бұл екі сүре екі бұлттай немесе араларында нұр тұрған екі қара көлеңкедей немесе иелерін қолдап сап түзеп ұшқан екі құс жиынтығындай болады.» (Хадис шәриф – Мүслим) Алим (Әл-Алим)
Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Жасырын, ашық, болған және болатын барлық нәрсені әзәли (бастауы жоқ ежелгі) және мәңгі ілімімен ең керемет білуші дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ол барлық нәрсені алим (білуші)» (Хадид сүресі 6) Әл-Алим есім шәрифті айтуды әдетке айналдырған адамға рухани сырлар ашылады, хикмет және марифатқа қауышады. (Юсуф Набхани) Алии (Әл-Алии)
Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Үстемдердің үстемі, өте үстем. Махлұқтардың ақыл, ілім және түсініктерінің жетпейтіндей үстемдікте дегенді біолдіреді. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай дейді: «Ол (Аллаһ) Алии. Хаким (барлық ісінде хикмет иесі).» (Шура сүресі 51) Әл-Алии есім шәрифін айтқан адам істерінде жетістікке жетіп ілгерілейді. (Юсуф Набхани) Аллаһ (Жәллә жәлалуһ)
Аллаһу та’аланың Әсмаи хуснасынан (әдемі есімдерінен). Бар болуы міндетті, иман және ғибадат етілетін шынайы жаратушы. Барлық нәрсені жоқтан бар еткен илаһ. Аллаһу та’ала затымен бар. Бар болуы өздігінен. Қазір бар болғанындай үнемі бар және үнемі бар болады. Бар болуының алдында және соңында да жоқтық бола алмайды. Өйткені Оның бар болуы қажетті. (Тәфтазани) Аллаһу та’ала материя емес. Зат емес (элемент емес, қоспа емес, күрделі зат емес). Санаулы емес. Өлшенбейді. Есептелмейді. Онда өзгеріс болмайды. Мекенді емес (Мекенге мұқтаж емес). Бір жерде емес. Уақытқа тәуелді емес (уақытты ол жаратқан). Бұрынғысы, кейінгісі, асты-үсті, оңы-солы жоқ. Адамның ойы, адамның ілімі, адамның ақылы Оның ешнәрсесін түсіне алмайды. (Мәулана Халид Бағдади) Бүкіл болмыстардың, әрбір мүшесінің, әрбір жасушасының жаратушысы, жоқтан бар етушісі тек Аллаһу та’ала. Ол ақылға, ойға келетіндердің бәрінен ұзақ. Ойымызға, қиялымызға не келсе де Ол емес. Тек Құран кәрімде тікелей өзінің білдірген сипаттарымен есімдерін жаттап, илаһтығын, ұлылығын осылармен растауымыз және айтуымыз керек. Ақылды және балиғат жасына жеткен еркек және әйел әрбір мұсылманның Аллаһу та’аланың Заттық және субути сипаттарын дұрыс үйренуі және сенуі керек. Адамдарға алғаш парыз болған нәрсе осы. Білмеу үзір бола алмайды,үлкен күнә болады. (Кемахлы Файзуллаһ) Аллаһу та’аланың терісі, ұқсасы, ортағы, көмекшісі, қорғаушысы жоқ. Анасы, әкесі, ұлы, қызы жоқ. Христиандар Аллаһу та’алаға “Әке” деуде. Аллаһу та’алаға “Әке”, “Аллаһ әке” дегендердің иманы кетеді. Мұсылмандықтан шығады. (Кемахлы Файзуллаһ) Аллаһу та’аланы Исламның білдірген есімдерімен атау керек. Аллаһ атының орнына тәңір сөзі қолданылмайды. Өйткені тәңір құдай деген мағынаны береді. (Яғни тәңір сөзін және басқа тілдердегі бог, god сияқты сөздерді құдай деген мағынада қолдануға болады. Бірақ) Аллаһ есімінің орнына қолдануға болмайды. (Сәйид Шәриф) Жұма күні намаздан алдын дәретті, киімі таза күйде және көңілінен дүниелік ойларды шығарып екі жүз рет «Йа Аллаһу әл-махмуду фи фиалиһи» десе, Аллаһу та’ала оның ауруына шипа береді. (Юсуф Набхани) Аллаһ разы болсын
Аллаһу та’ала сенің ахлақыңды, істеріңді түзелтіп, сені разы болған халге келтірсін, сенен разы болсын деген мағынадағы өте жақсы дұға. Анкәбут сүресі
Құран кәрімдегі жиырма тоғызыншы сүре. Анкәбут сүресі Мекке-и мукаррамада түсті. Алпыс тоғыз аяти кәримадан тұрады. Сүреде пұттарға және басқа күшсіз болмыстарға табынатындардың халдері, Олардың дүниелік табыстарға қол жеткізу үшін құрған тұзақтары және осы жолдағы талпыныстары, анкәбут атты өрмекшінің өте әлсіз торына ұқсатылғандықтан, анкәбут сөзі бұл сүреге есім болған. Сүреде мүминдердің Аллаһ жолында кейбір қиыншылықтарға тап болатындарын, бұлардың өздері үшін дүние мен ахиретке пайдалы болатын себепші екеніне нұсқалған, кейбір пайғамбарлардың қиссалары қысқаша баяндалып, олардың Аллаһ жолындағы жанқиярлықтарымен қажырлылықтары, және соның нәтижесінде жетістікке жеткендіктері, Құран кәрімнің үлкен муғжиза екендігі және адазат үшін бақ-берекенің себепшісі екендігі баяндалуда, Исламға дұшпандық еткендердің соңдарының азапты болатыны, мұсылмандардың ахиретте мәңгілік ниғметтерге қауышатындары сүйіншіленуде, Аллаһ жолында тер төккендердің еңбектері босқа кетпейтіндіктері, үлкен сияпаттарға кенелетіндіктері және басқа да жайттар баяндалған. Анкәбут сүресіндегі кейбір аяти кәрималарда былай делінеді: «(Хабибім) Намазды өз уақытында, шарттарына мойынсұнып оқы. Өйткені намаз адамды ақылдың және діннің ұнатпаған және тыйым салған барлық нәрселерден сақтайды.» (45-ші аят) «Мүшриктер, раббыңнан (Мұхаммедке (алейһиссалам) пайғамбарлығына дәлел болатын Иса алейһиссаламның дастарханы, Мұса алейһиссаламның аса таяғы сияқты) муғжизалар түсірілген болғанда ғой, деді. (Ей Хабибім!) Сен оларға айт, муғжизалар Аллаһу та’аланың құдіреті және қалауымен болады. (Қашан және қалай істеуді қаласа солай жаратады. Бұларды жасау менің қолымда емес.) Дұрысы мен тек қана Оның азабын сендерге деткізуші, хабар берушімін. Құран сияқты кітапты саған түсірген болуымыз, оларға (муғжиза ретінде) жетпей ме? Мұнда сенген қауым үшін мейірім және насихат бар.» (50, 51-аяттар) «Әрбір жанды өлімнің дәмін тартады» (57-ші аят) |