Әріп бойынша іздеуА Ә Б Г Ғ Д Е Ж З И К Қ М Н О Ө П Р С Т У Ұ Ү Ф Х Ч Ш Ы І Э |
СауапЖақсылық және ғибадат жасаған адамға ахиретте Аллаһу та’ала тарапынан берілетін сый. «Менің серігім жоқ, маған серік, ортақ қосқан адам сауаптарын содан сұрасын...» (Хадис қудси – Мәктубати Масумийә) «Үмметімнің арасында фитна және азғындық жайылған кезде сүннетімді ұстанғандарға жүз шәhид сауабы беріледі.» (Хадис шәриф – Табарани) Аллаһу та’ала дүниеде жақсылық жасап, ғибадат еткендерге сауап беретінін уәде еткен. Жақсылық және ғибадат жасағандарға ахиретте сауап берілуі уәжіп және қажет емес. Аллаһу та’ала мейірім етіп оларға сауап беретінін уәде еткен. Аллаһу та’ала берген уәдесінен қайтпайды, міндетті түрде орындайды. (Мұхаммед Хадими) Салих амалдардың сауабын бүкіл мүминдердің рухына хадия ету (бағыштау) жақсы және қабыл болады. Әрбіріне бөлек бөлек сауап жетіп барады. Бір мәйіттің рухына бағыштау үшін ниет етіліп оқылған және хадия етілген сауап еш азаймайды. (Мұхаммед Масум Фаруқи) СалихЖақсы, діндар адам. Дүниеге мән бермейтін, ақидасы (сенімі) дұрыс, Аллаһу та'аланың разылығына, сүйіспеншілігіне қауышуға тырысатын мұсылман. Аллаһу та'ала Құран кәрімде: «Сендерден біреулеріңе өлім (белгілері) келіп: "Йа, Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең, садақа берсем және салихтардан болсам " деуден бұрын өздеріңе ризық ретінде берілген нәрселерден (Аллаһ жолында) жұмсаңдар» делінген. (Мунафиқун сүресі 10) «Салих құлдарым үшін жаннатта ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген, ешқандай адамның ойына кіріп шықпайтын түрлі ниғметтер дайындадым.» (Хадис құдси – Әт-Тәрғиб уәт-Тәрхиб) «Үмбетімнің ішіндегі салихтарының жаннатқа кірулері оқыған намаздары және тұтқан оразаларының арқасында емес. Олардың жаннатқа кірулері жомарттықтары, көңілдерінде (жүректерінде) мұсылмандарға қарсы кек сақтамаулары және мұсылмандарға айтқан насихаттарының арқасында болмақ.» (Хадис шариф - Дара Қутни) Салихтармен сұхбатта бірге болыңдар. Олар дүниенің қазыналары. Олармен бірге болу – мәңгілік бақыттың кілті. (Жафар Хүлди) Кімде-кім жаннаттықтардан болуды қаласа, салих адамдармен бірге болсын. (Харис әл-Мухасиби) Салихтардың қызметінде болған адамның дәрежесі көтеріледі. Аллаһу та'ала өзін салихтарға құрмет көрсетуден махрұм қылған адамды адамдардан келетін қиыншылықтарға тап қылады. (Әбу Мидиән Мағриби) Аллаһым! Қалауларымыздың төмендігінен және жамандығынан, амалдарымыздың құсыр, кемшіліктерінен, ажалымыздың жақындауынан, салих құлдарыңның арамыздан кетуінен саған сиынамыз. (Абдуллаһ бин Ғалиб) Салих амалАллаһу та'ала ұнататын, жақсы іс-әрекет. Адамдар “жақсы, салих амалдарды көп жасадым, көп ғибадат еттім” деп, Аллаһу та’алаға мойынсұну және ғибадат етуде жағдайының өзгелерден жақсы екенін ойлап, күнәларын ұмытып кетуден сақтануы керек. Өйткені бұл жерде жасаған жақсы амалдарына наздану, менменсіну және істеген күнәларының азабынан қорықпау, құтылатынына сенімді болу деген нәрсе бар. Мұндай жағдай өте қауіпті. (Ахмед бин Асым Антақи) Субханаллаһ“Аллаһу та'аланы кемшілік және нұқсан сипаттардан пәк деп білемін, ұзақ деп қабылдаймын” (яғни Аллаһу та’аланың кемшілік сипаттары жоқ) деген мағынадағы мүбәрәк, қасиетті сөз. «Әр намаздан кейін 33 тәсбих (Сүбханаллаһ), 33 тахмид (Әлхамдулиллаһ), 33 тәкбір (Аллаһу әкбар) және бір тәһлил: “Лә илаһә иллаллаһ уаһдәһу лә шәрикә-ләһ ләһул-мулку уә ләһул хамду уә һуә ала кулли шәйин қадир” деген адамның теңіз көбігіндей күнәсі болса да кешіріледі.» (Хадис шәриф – Халеби) «Айтылуы өте оңай, таразыда өте ауыр басатын екі сөз бар. Аллаһу та'ала бұл екі сөзді өте жақсы көреді. “Субханаллаһи уә би хамдиһи, субханаллаһил азыйм”» (Хадис шәриф – Мәктубати Раббани) Субханаллаһ деу тәубенің кілті, тіпті нағыз өзі. Сондықтан субханаллаһ деп айту күнәлардың жойылуына және жамандықтардың кешірілуіне себеп болады. Сол себепті таразыда хасанат (ізгілік), жақсылық тарапын толтырып, өте ауыр басады. Аллаһу та'аланың сүйікті құлы болады. Субханаллаһ деген және хамд (шүкір) еткен мұсылман барлық кемел және жамал қасиеттердің Аллаһта бар екенін, Оған лайық болмаған қасиеттердің, сипаттардың, кемшіліктердің жоқ екенін білдіргенде кәрим және ихсан иесі болған Аллаһу та’аланың сол құлын пайдасыз нәрселерден алыстатуы және оған кемелдік сипаттарын ихсан етуі үміт етіледі. (Имам Раббани) Сүннет
Жол, ереже, әдет деген имағыналарды береді. 1) Сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрәк сөздері, істері және көрсе де кедергі болмаған нәрселер. «Ұмытылған бір сүннетімді қайта жандандырған адамға жүз шәһид сауабы беріледі.» (Хадис шәриф - Хадиқа) Он нәрсе сүннет болып табылады: «Мұртты қысқарту, сақал өсіру, мисуак қолдану, мазмаза (ауызды шаю), истиншақ (мұрынға су тарту), тырнақ алу, аяқ саусақтарын жуу, қолтық асты және қопал әурет жердің қылдарын қыру, сумен истинжа (алдан және арттан шыққан нәжісті тазалау).» (Хадис шәриф – Тәбйинул-Хақайық) 2) Дін үкімдерінде дәлел, діннің қайнар көзі болып саналатын негізгі төрт дәлелдің бірі. Хадис шәрифтер. "Әдилләи шәрийа (шариғаттың дәлелдері) деп аталатын дін үкімдерінің қайнар көзі төртеу: Құран кәрім, Сүннет, Ижма-и үммет (бір ғасырда өмір сүрген Құран кәрім және хадис шәрифтерден мағына шығара алатын мүжтәһид деп аталатын терең білімді ғалымдардың діни мәселелер үкімінде бірігуі және ижтиһадтарының бір-біріне сәйкес келуі) және Қияси фуқаха (үкімі, мағынасы насста яғни Құран кәрім мен хадис шәрифтерде мағынасы жабық, жасырын болған үкімді, үкімі ашық білдірілген және бұған ұқсаған басқа мәселенің үкімімен салымтыру арқылы түсіну)." (Ибн Абидин) "Сүннет – Құран кәрімнің тәфсирі, түсіндірмесі. Мазһаб имамдары (Ханафи, Шафии, Малики, Ханбали) сүннетті ашып түсіндірген. Дін ғұламалары да мазһаб имамдарының сөздерін ашып берген. Қияметке дейін осылай болады. Сүннет болмағанда: суларға қатысты мәселелер, дәрет алу (тазалану) мәселелерін, намаздардың қанша рәкаттан тұратынын, рүку және сәждеде оқылатын тәсбихтерді, айт және жаназа намаздарының қалай оқылатынын, оразаның, қажылықтың парыздарын және неке, құқық мәселелерін ешбір ғалым Құран кәрімнен таба алмас еді және үйрене алмайтын еді." (Имам Шарани) 3) Шариғат яғни ислам діні. «Сүннетімді тәрк еткен адамға шапағатым харам болды.» (Хадис шәриф – Шәрхи Хадис Әрбаин) «Ислам діні әлсіз-ғарип болып басталды. Ақырғы замандарда да әлсіз-ғарип болып қалады. Сол әлсіз адамдарға сүйіншілер болсын! Олар адамдар бұзған сүннетімді түзелтеді.» (Хадис шәриф – Мәктубат) "Сүннетті өте жақсы білетін адам имам болады." (Қудури) "Сүйікті пайғамбарымыздың көрсеткен ислам дінінің жолымен және оның сүннетімен жүру үшін ең әуелі дұрыс иман келтіру керек. Сосын харамдардан сақтану керек. Парыздарды орындау керек. Мәкрухтардан сақтану керек. Содан кейін мүстаһабтарды орындау керек." (Имам Раббани) "Аллаһу та’алаға апаратын ең сенімді жол – барлық іс-әрекеттерінде және ғибадаттарында сүйікті пайғамбарымыздың сүннетіне мойынсұну болып табылады." (Әбу Әли Журжани) Сүннети Ғайри Муәккәд
Сүйікті пайғамбарымыздың ғибадат мақсатымен кейде істеп, кейде тәрк еткен амалдары мен ғибадаттары. Бұған мүстаһаб деп те айтылады. Екінді мен құптан намаздарының алғашқы төрт рәкаттық сүннеттері "сүннеті ғайри муәккәдә" болып табылады. (Ибн Абидин) Сүннети Хасәнә
Алғашқы ғасырларда (Сүйікті пайғамбарымыздың және Оның достары сахабаларының заманында) түпнегізі өзгертілмей, кейінірек одан да өркендетілген мұнара, мектеп салу және кітап жазу сияқты ислам дінінің рұқсат еткен, тіпті әмір еткен жақсы және пайдалы істері. «Бір адам ислам дінінде сүннети хасәнә істесе, мұның сауабына және мұны істегендердің сауабына қауышады.» (Хадис шәриф – Сахихи Мүслим) "Мұнара жасау – мүстаһаб болған сүннети хасәнә. Өйткені муәззиннің азанды жоғарыға шығып оқуы сүннет. Мұнара бұл сүннетке жәрдем беруде." (Абдулғани Наблуси) "Ислам ғалымдарының көбісі амалда бидғаттарды (дінде пайда болған жаңалықтарды) екі бөлімге бөлді. Сүннетке қайшы болмаған жаңалықтарға, яғни бірінші ғасырда сахабалардың заманында пайда болған, негізі бар нәрселерге “бидғаты хасәнә” (жақсы, ұнатылған бидғат (жаңалық)) деді. Негізі болмаған нәрселерге (дінде жоқ және ғибадат ретінде жасалған нәрселерге) “бидғат сәйия” (жаман бидғат) деді. Ал Имам Раббани хазреттері дінде негізі бар нәрселерге бидғат есімін араластырмады. Бұларға “сүннети хасәнә” деді. Мәуліт оқу, мұнара, кесене салу осыған жатады. Бидғат есімін тек қана дінде негізі жоқ нәрселерге берді." (Сәийд Абдулхаким Аруаси) Сүннети Кифая
Мұны бес немесе он адамның біреуі істесе, басқалардың мойнынан алынатын сүннет. "Сәлем беру, итикафқа кіру (бір мезгіл мешітте қалып ғибадат етуге ниет ету) және діннің рұқсат еткен істерінің алдында “бисмилләһ”-ты айту, тарауих намазын мешітте жамағатпен оқу сүннети кифая болып табылады." (Қутбиддин Изники) Сүннети Муәккәдә
"Сүйікті пайғамбарымыздың үзбей орындаған, өте аз тәрк еткен амалдары мен ғибадаттары. Бұған “сүннети һуда” деп те айтылады.Бамдат, бесін және ақшам намазының сүннеттері және құптан намазының соңғы екі рәкат сүннеті "муәккәд сүннет" болып табылады. Сонымен қатар азан айту, қамат айту, жамағатпен оқу, дәрет аларда мисуак қолдану муәккәд сүннеттерден болып саналады." (Абдулғани Наблуси) "Намазда муәккәд сүннетін тәрк ету тахримән (харамға жақын) мәкрух." (Ибн Абидин) Сүннети Сәнийа
Мақталған, мадақталған сүннет. Ислам діні. Расулуллаһтың жолы. "Бақытқа қауышу үшін сүннети сәнийаға жабысу және бидғаттардан (дінде кейіннен шыққан жаңалықтардан, реформалардан) сақтану керек." (Имам Раббани) "Мәсінің үстіне мәсһ тартудың жаиз екендігі сүннети сәнийамен бекітілген." (Абдуллаһ Суәйди) "Жүректің (көңілдің) Аллаһу та’аладан басқа нәрселерді жақсы көруі оны қарайтады, тот бастырады. Бұл тотты тазалау керек. Тазалаушылардың ең жақсысы сүйікті пайғамбарымыздың сүннети сәнийасына сай амал ету, мойынсұну болып табылады. Сүннети сәнийаға ұю нәпістің жүректі қарайтатын қалауларын жояды." (Ахмед Фаруқи) Сүннети Сәйия (жаман жол, жаман әдет)
Ислам дінінің тыйым салған, кейіннен пайда болған жаман, ұнатылмаған нәрселері. Сүйікті пайғамбарымыздың және төрт халифасынының заманында болмай, олардан кейін дінде пайда болған, ғибадат ретінде жасалатын нәрселер. Бидғат дегенді білдіреді. (Бидғат бөлімін қараңыз) «Кім ислам дінінде бір сүннети сәйия (жаман жол) ашатын болса, мұның күнәсы және мұны істегендердің күнәсы оған жазылады.» (Хадис шәриф – Сахихи Мүслим) "Бидғаттар, яғни діндегі реформалар, кейіннен пайда болған жаңалықтар сүннети сәйия болып табылады. Намаздан кейін дереу “Аятәл-күрси”дің орнына салатән тунжина немесе басқа дұғаларды оқу сүннети сәйияға (жаман әдетке) жатады. Діни үкімдерде және ғибадаттарда өзгерістер жасалуына Ислам діні қатаң түрде тыйым салған." (Әли Махфуз) Сүннети Зәуаид
Пайғамбарымыз алейһиссаламныңғибадат ретінде емес, әдет-ғұрып ретінде үнемі жасаған нәрселері. Бұларға “әдеп” деп те айтылады. "Пайғамбарымыздың киіну тәрізі, жүріс-тұрыстары, отырысы, жақсы нәрселерді оң жағымен бастауы, оң қолымен ішіп жеуі, суды отырып ішуі секілді нәрселер зәуаид сүннеттерге жатады." (Ибн Абидин) "Зәуаид сүннетті орындау әр мұсылманға міндетті емес, бірақ жасағандарға өте көп сауап беріледі. Зәуаид сүннеттерді тәрк ету мәкрух емес. Әйтсе де, әдетке байланысты нәрселерде де пайғамбарымызға мойынсұнудың дүниеде және ахиретте адамға тигізетін пайдасы өте көп және әртүрлі бақыттарға, рахаттықтарға жол ашады." (Ибн Абидин) Сүннетке отырғызу
Баланың сүннет терісінің кесілуі. Баланы сүннетке отырғызу пайғамбарымыз алейһиссаламның маңызды сүннеттерінің бірі болып табылады. Сүннеттеу – ислам дінінің белгісі және нышаны. Баланы сүндетке отырғызу жасы нақты білдірілмеген. Ең жақсысы 7-12 жастың аралығы. Сүннеттелу кезінде топталып жоғары дауыспен айт тәкбірі айтылады. "Сүннеттелмеген адамдарда әртүрлі аурулар болады." (Алауиддин Хаскәфи) "Пайғамбарымыз алейһиссалам туылған кезінде кіндігі кесілген және сүннеттелген болып көрінді.ә (Имам Қасталани) "Иманға келген кәрі адамның сүннеттелуі шарт емес. Сүннеттелмесе де болады." (Абдулғани Наблуси) Сахих
Дұрыс, шарттарына сай орындалған іс немесе ғибадат дегенді білдіреді. «Бір амалдың, ғибадаттың сахих болуы басқа, қабыл болуы басқа. Ғибадаттардың сахих болуы үшін, өздеріне тән шарттары, парыздары бар. Бұлардан бірі нұқсан болса, тәрк етілсе, ол ғибадат сахих орындалған болмайды. Жазасынан, азабынан құтыла алмайды. Сахих (дұрыс) орындалып, бірақ қабыл болмаған ғибадат үшін азап берілмегенімен ол ғибадаттың сауабына қауыша алмайды. Ғибадаттың қабыл болуы үшін алдымен сахих болуы, кейін мына төрт шарттың болуы да керек. Ілім, ниет, хулус, яғни ықыласпен орындау және құл ақысын жемеуге мән беру. Имам Раббани рахметуллаһи алейһ былай дейді: "Бір адам пайғамбардың амалындай амал істесе, бірақ мойнында жарты данқ (яғни өте аз) мөлшерде құл ақысынан қарызы бар болса, мұны қайтармайынша Жаннатқа кіре алмайды."» (Абдулхаким Аруаси) Сафа және Мәруа
Қағба-и муаззамның жанындағы екі төбешіктің аты. Қажылық және умра кезеңінде саи деп аталатын қажылық міндетін атқарғанда Сафа төбешігінен кейін Мәруа төбешігіне шығылады. Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Күмәнсіз Сафа мен Мәруа Аллаһтың шәаирынан (Аллаһу та’алаға ғибадат етуге себеп болған нышандардан, белгілерден). Кімде-кім Бәйтті (Қағбаны) қажылық немесе умра ниетімен зиярат етсе, бұларды (Сафа мен Мәруаны) әдемілеп тауаф етуінде күнә жоқ.» (Бақара сүресі 158) «...Ибраһим алейһиссалам Исмаил алейһиссалам мен анасы Хажарды (Ажар) Меккеге қалдырып кеткенінде азық-түлігі мен сулары таусылды. Баласына су іздеу үшін алдымен Қағбаның жанындағы Сафа төбешігіне шықты. Сосын аңғарына қарсы тұрып қарады. Ешкімді көре алмаған соң төменге түсіп, аяғына кедергі болмасын деп көйлегінің етегін жинап, мүшкіл жағдайдағы адамша тезірек жүгірді. Соңында аңғардан өтіп, Мәруа төбешігіне келді. Ол жерде де біраз тұрып, біреу-міреу көрініп қалар деп қарап еді ешкімді көре алмады. Хажар осылайша Сафа мен Мәруаның арасында жеті рет жүгіріп өтті. Міне, осы себепті қажылар Сафа мен Мәруа арасында саи етеді. Хажар соңғы рет Мәруа үстіне шыққанда бір дауысты естіп, жақсылап тыңдағаннан кейін қазіргі зәмзәм құдығының орналасқан жерінде бір періштені (Жәбірейл алейһиссаламды) көріп, дереу сол жерге барды...» (Хадис шәриф – Сахих Бұхари) Қажылық уәжіптерінің бірі – Сафа мен Мәруа төбешігі арасында саи еткенде Сафа төбешігінен бастау. Сафа төбешігіне шыққанда Қағбаға бұрылады. Тәкбір, тәһлил және салауат айтылып, қолды иықтың тұсында алға созып, алақандарын аспанға қаратып ашып дұға етіледі. Сосын Мәруаға барады. Сафадан Мәруаға төрт рет барып, Мәруадан Сафаға үш рет қайтып келеді. (Молла Хусреу) Саид
Аллаһу та’аланың разы болған адамы. Жаннаттық адам дегенді білдіреді. Құран кәрімде былай делінген: «Саид болғандарға келсек, олар жаннаттық.» (Һуд сүресі 108) Шақилер дүниеге көңіл байлап, дүниелік болған нәрселерге жабысады. Ал саидтар бақи (мәңгі, шексіз ахиреттік) болғандарға жабысады. (Абдулхаким Аруаси) Бір кісінің саид болуының белгісі – Аллаһу та’аланың қаза мен тағдырына разы болады. Шақи болуының белгісі де Аллаһу та’аланың тағдырына разы болмай, бақырып-шақырып, жылап-сықтайды. (Сүлейман бин Жәза) Саллаллаһу алейһи уә сәлләм
Пайғамбарымыз алейһиссаламның есім шәрифі айтылғанда, естілгенде және жазылғанда айтылатын және жазылатын Аллаһу та’аладан Оның дүниеде және ахиретте әр түрлі игілікке және үстемдікке қауышуын қалауды білдіретін қайырлы дұға, тағзым, құрмет сөзі. Бұған салату салам (салауат) деп те айтылады. «Кімде-кім маған бір рет салат етсе (салауат айтса, мәселен: саллаллаһу алейһи уә сәлләм десе), Аллаһу та’ала оған он рет салат (рақымдылық) етеді. Оның он күнәсын кешіреді және дәрежесін он есе жоғарылатады.» (Хадис шәриф-Мәуаһиби Ләдуннийа) Сәйид
1) Мырза «Жастардың ішінде жаннатқа кіретіндердің сәйиді (мырзасы) – Хасан мен Хусейн.» (Хадис шәриф – Усуд-ул-Ғаба) 2) Хазреті Хусейіннің тегінен тарағандар. Сәйидтер болған елде мен отыра алмаймын. Өйткені Расулуллаһқа “саллаллаһу алейһи уә сәлләм” тән болған ата-тектен келудің құрметіне ие болғандарға лайықты тағзым (құрметті) көрсете алмаудан қорқамын. (Убайдуллаһ Ахрар) Сәйидтер Имам Хасанның немерелері болған шәрифтерден де үстем. Османлы Мемлекетінің дәуірінде Халебте (Алеппо қаласы) сәйидтерге және шәрифтерге қатысты қазылық мекемесі болған. Барлық ұрпақтары сол жерде тіркеліп, өтірікшілер өздеріне сәйидпін деп жалған ат таға алмайтын болды. Сәйидтердің құндылығын білу керек. Оларға құрмет көрсетуде және қызмет етуде немқұрайлы қарамау керек. (Сәйид Абдулхаким Аруаси) Біздің елдерде сәйідтер "қожалар" деп аталып кеткен. Сират көпірі
Жаннатқа өту үшін тозақтың үстіне құрылған, ерекшелігі нақты белгісіз көпір. Бұған тек “сират” деп те айтылады. «Барлығынан бұрын Мен және менің үмбетім сират көпірінен өтеміз. Сират көпірінен өткенде пайғамбарлардан басқа ешкім сөйлей алмайды. Олар: “Ей, Раббым! Үмбеттерімізге (бізге иман еткендерге) амандық (құтылуды) ихсан ет (бер)!” дейді.» (Хадис шәриф – Тәзкирә) «Үлкен құрбандық алыңдар және сойыңдар! Өйткені, құрбандарың – сират көпірінде көліктерің болады.» (Хадис шәриф – Риядун-Насихин) Сират көпірі Аллаһу та’аланың бұйрығымен тозақтың үстіне құрылады. Барлық адамға осы көпірден өту бұйырылады. Ол күні барлық пайғамбарлар: «Ей, Раббым! Амандық бер!» деп жалбарынады. Жаннатқа баратындар көпірден оңай өтеді. Олардың кейбірі найзағайдай, кейбірі желдей және кейбірлері шапқан аттай тез өтеді. Сират көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір. Бұл дүниеде Исламды ұстанғандар, нәпісімен күресіп, оның азғыруына алданбай, осы қиыншылықтарға сабыр еткендер сираттан оңай және рахат өтеді. Исламды дұрыс ұстанбай, нәпсіне еріп тозақтық болғандар сираттан өте алмай тозаққа түседі. (Мәулана Халид Бағдади) Әһли сүннет ғалымдары (Расуллуллаһ алейһиссаламның және оның сұхбатында жетілген сахабалардың жолында болған мүбәрәк адамдар) Ислам ілімдерінің ешқайсысына ақыл жетпейтіндігі үшін қарсы шықпады. Осылайша қабір азабына, қабірде “Мункәр” және “Накир” деген екі періштенің сұрақ қоятындығына, сират көпіріне, қияметтегі таразыға күмәнсіз сенді. Ақылға қонымсыз болғаны үшін “болмайды!” демеді. Өйткені, бұл ғалымдар Құран кәрімге және хадис шәрифтерге мойынсұнды. Ақылын осы екі негізге байлады. Түсіне алғандарын түсіндірді. Түсіне алмағандарына солайша сенді. Түсіне алмағандарына “ақылымыз жетпегені үшін түсіне алмадық” деді. (Ахмед Фаруқи) |